Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2649 0 пікір 4 Қараша, 2010 сағат 06:50

Қарамағындағы қызметкері жемқорлық қылмыс жасаған шенеунікті міндетті түрде қызметтен босатуды қарастыратын норманы заңға енгізу керек, деп есептейді Әбдікәрімов

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Айгүл Түлекбаева. Сенатор, «Нұр Отан» ХДП-сының жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің өкілі Оралбай Әбдікәрімов Қарамағындағы қызметкері жемқорлық қылмыс жасаған шенеунікті міндетті түрде қызметтен босатуды қарастыратын норманы заңға енгізу керек деп есептейді.

«Біз жемқорлыққа әсер етудің азаматтық-құқықтық әдістерін кеңінен пайдалану туралы заң нормаларын енгізуді ұсынамыз. Тікелей қарамағындағы қызметкері жемқорлық қылмыс жасаса, мемлекеттік органның әр басшысы, лауазымды тұлғасы қызметтен кету туралы өтініш беруге міндетті болады», - деді О. Әбдікәрімов бейсенбі күні халықаралық конференцияда «Нұр Отан» ХДП-сының 2011-2020 жылдары жемқорлыққа қарсы тұру бойынша стратегиясының жобасын таныстыра отырып.

Сондай-ақ, ол стратегияның шеңберінде жазалауға ғана емес, сонымен бірге, әдеп нормаларын сақтап, адал еңбек етіп жүрген мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерді ынталандыруға бағытталған заң нормаларын енгізу мәселелеріне назар аударылғанын атап өтті.

0 пікір