Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2883 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 23:01

Бекболат Тілеухан. Біз неге жеңілдік?

Бір елді жаулаудың төте жолы сол елдің санасын улау. Абайша айтсақ: «қолдағы малды алудың жолы бастағы миға иелік қылу». Миың - ғасырлар бойы жинаған қазынаң. Яғни дәстүрің, тілің, дінің, иманың. «Иманы кеткеннің жиғаны кетеді» дейді қазақ. Отарлаушылар біздің миымызға иелік етті.

Неге біз жеңіле бердік? Неге?! Махамбет, Сырым, Кенесары, Ахмет, Әлихан бәрі де жеңілді. Неге?! «Жорғалықпен көңілін алсам екен деген надан, әке-шешесін, ағайын жұртын, дінін, адамшылығын жауырынан бір қаққанға сатады. Тек майырдың күлгені, (ризашылығы) керек деп, арты ашылса да қам жемейді». Бұны айтқан Абай. Мойыны қайырылып тұрып отарлық қамытын киер алдындағы қазақтың бас көтерерлерінің біразының қылығы осындай болған. Сондықтан жеңілгенбіз!

Ал, бүгінде «Жауырыннан қалай қағады?». Гуманитарлық саланы айтайын! Себебі идеология сол жақта. Атынан ат үркетін конференцияларға қонаққа шақырады. Әлемдік бірдеңе-бірдеңелердің дипломаты, лауреаты, бәленбай саладағы жыл адамы, түгенбай гранттың жеңімпазы... Ең бастысы атақ береді. Қолтығына су бүркіп, онысы кепкен соңтағы бірдеңе қыстырып қоя береді.

Сыртқа керегі де осындайлар. Артын қыздырып, мақтап-мақтап, еліртіп қояа берген соң  келеді де қырады бәрімізді. Өмір бойы Шыңғыс таудың   бауырында өскен Абайды вегетариан-кришнаит қып, көзіңді бақырайтып қойып жала жабады. Сол тақырыпта дессертация қорғайды. Ертең екі жүз жыл өткен соң ғылым тарихын парақтаған біреу дәстүрлі веда ілімін бізден тарады десе дәлелі болады. Сосын... Пажалыста!

Сол секілді сырттан айырықша өлермендікпен таңылатын тағы бір бөстекі тұжырым - қазақтың мұсылман еместігі. Құдай-ау,  ата-бабаларымыз Қарлұқ қағанатының тұсында ислам дінін қабылдаған кезде орыстар әлі де орманнан шықпаған еді ғой. Сол орысқа «староверсің немесе шамансың» деп  көріңіз, намысын таптағаныңыз. Себебі олар негізі бар кітаби дінінің қадірін біледі. Ал надан қазаққа сен бақсысың десе бөркі қазандай болады. Өйткені,  езілген ел еңсесін көтергісі жоқ. Сырт айтса болды құлдық. Сырттың көйт-көйтіне қызып алған ғалымдар қазақтың шаман екенін дәлелдеуге жарыса жанталасып жатыр. Чукча, үндіс, аборигендікті тануға бейімдейді.

Қазақ шабуылшы жұрт емес, етегін жаппаққа ғана ұмтылған қорғанушы жұрт. Бұл аксиома. Ендеше аксиома дәлелді қажет етпейді. Көз алдымызда есеміз кетіп барады. К.Маркс «Қоғамдағы теріс қылықтар мен әрекеттер белгілі бір уақытқа дейін өмір сүрсе, ол кейіннен дәстүрге айналып, ең соңында болуға тиіс заң сияқты қабылданады» дейді. Бізге сөйтіп талай нәрсені қабылдатты. Қабылдата бермек. Жауыздықты, жақсылық деп қабылдатды. Ел алдында етегін ашқанды өнер деп қабылдатады. Ақыры аяғында сенің тегің кәдімгі қара тоқал «ешкі» екен десе еш таңғалмаймыз! Қабылдатады.

Күн өткен сайын қазақ жастарының санасы уланып барады. Елдің ертеңі, ұлт болашағы не боларын елемейтін ұрпақ өсіп келеді. Олар осы бағыт дұрыс деп ойлайды. Себебі қоғам солай қабылдатып жатыр. «Өздеріңді түзелер дей алмаймын, өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың» (Абай) демекші, тәуелсіздігің қолыңда тұрғанда бұлаймыз. Егер қолыңнан ырқың кетсе, «қуырдақтың көкесін» сонда көретініңді көз алдаңызға елестетіп көріңіздерші!

Қазаққа Аллаһ бәрін берді. Жерді де, байлықты да, бәрін, бәрін... Енді оған ие болып қалу үшін - жақсы менен жаманды айыратын сана керек. Біліміңді арзан күлкіге сарып етпей ұлт игілігіне жұмсасаң, одан сұлу өмір бар ма? Халқыңның даналығын бойға сіңіріп, иманмен қуаттанып, ана тіліңде сөйлеп, тегіңді біліп, өзіңді танып, дәстүріңді құрметтеп, оларды замана ағымына қарай қару етіп қатардан қалмай қасқая шеру тартсақ, кәнеки!

«Намыс.кз» сайты

0 пікір