Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4552 1 пікір 15 Маусым, 2017 сағат 14:54

Министр болашақ жұбайлардың тойына бара алмайтын болды

 

ҚР ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов Қытайға депортацияланған болашақ жарын қайтарып алу үшін министрден көмек сұраған жамбылдық жігіттің тойына бара алмайтынын айтты, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әрине, біз бара алмаймыз. Бірақ ол жігіттің мәселесін шешкелі жатырмыз. Қалыңдығы Қытайға депортацияланып, бес жылға тыйым салынған. Бұл заңды шешім. Енді тек аппеляция жазып, сотпен шешім шығару керек. Қазір осы мәселемен айналысып жатырмыз»,-деді министр xалықпен есептік кездесуінде.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жамбылдық жігіт министрден ҚХР азаматшасына үйленуге көмектесуін сұрап, егер мәселе оң шешілсе, үйлену тойларына шақырған болатын. Тұрсынбай Бөрібай есімді жігіттің айтуынша, ол ҚХР азаматшасы Иманәлі Жазирамен отбасын құрмақшы. Бірақ былтыр болашақ жарын көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін шекарадан өткізбей қойған екен.

Абай-ақпарат

 

1 пікір