Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3563 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:53

ҚЫРҒЫЗ-ҚАЙСАҚ ОҚ-ДӘРІСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Қырғыз-қайсақ оқ-дәрісінің құрамы сор, көмір және күкірттен тұрады.

Сорды қырғыз-қайсақтар ескі қыстақ көңінен немесе көне «қалмақ» қорғандардың1 топырағынан жинайды, көмір тек тал ағашынан алынады және татар саудагерлерінен сатып алатын орыс күкіртін пайдаланады, Ташкент базарынан да күкірт алынып келеді, бірақ ол нашар деп саналады.

«Қалмақ» қорғанында көне замандарда адамдар тұрды деп санайтын қайсақ дорба алып, оны топырақпен толтырады, оның екінші қабатында күкірттің бар-жоғын тексеру үшін отқа тастайды2, егер от лап етіп жанса, күкірт бар деген сөз.

Топырақты жинағаннан кейін, қазанды отқа қойып, қажетінше су құйып, оған жинаған топырақты салып, әбден қайнатады. Топырақ қазанның түбінде қалады, ал су сарғылт түске енеді. Солайша қайнатып, қазанды оттан алады да, салқындатады, топырақ судан бөлініп, қазан түбіне тұнады; бұдан кейін сарғылт сұйық саз қалмас үшін таза киізбен жақсылап сүзіледі, бұдан кейін сұйық таза қазанда тағы бір рет баяу қайнатылады, таза астауға немесе басқа ыдысқа құйылып, беті шимен шақпақтап жабылады. Сор шиге жабысып, өзі кристалданады, солайша шеге тәрізді қалыңдығы қаз қанатындай, ал ұзындығы бір қарыс сүңгілер түзіледі. Қалған су қайтадан қайнатылып, қайтадан астауға құйылады, бұл әрекет жеті рет қайталанады; әрбір қайнату және қойылту әрекетінен кейін бір шұңғыл табақ түбіндей болатын сор алынады.

Қажетті мөлшеріндегі сор алғаннан кейін, оны шойын қазанға салып, бір тәулік үздіксіз қатты таспен үйкелейді.

Өте ұсақ ұнтақталған сорды дайындап алған соң, көмірді дайындауға кіріседі, қайсақтар талды ең жұмсақ, оқ-дәріге жарамды ағаш деп санайтындықтан тек талдан алынады.

Дәл осылайша көмір де сор сияқты өте ұсақ ұнтақталады, қазақтардың пікірінше, көмірді ұнтақтау үшін бес адам керек, олар әбден шаршағанша күні бойы жұмыс істейді.

Таразыны алып, сорды, көмірді және күкіртті өлшейді. Екі жарым фунт көлемінде оқ-дәрі алу үшін бір фунт сор, жарты фунт көмір мен бір фунт күкірт қосады.

Осы заттардың барлығын өлшеп алғаннан кейін оларды қазанға салып, жанып кетпейтіндей дәрежеде қыздырады, сосын тәулік бойы үйкелейді, арасында су сеуіп, ылғалдатып отырады. Осының барлығын оқ дәрі түсіне енген ұсақ ұнтаққа айналдырып, аттың құйрық қылынан немесе жалынан бір уысын алып, құрамды үлкендігі тары дәнінің мөлшеріне келгенше ысқылайды, ұнтаққа ылғалдану үшін үнемі су себіліп тұрады.

Қажетті мөлшерге енген оқ дәріні тым үлкендерінен ажыратып, ірілерін қайтадан таспен ұнтақтайды, қайтадан су сеуіп, қажетті көлемге келгенше тағы да қылмен ысқылайды. Қалған құрамды тастағысы келмесе, сәл су қосып, тағы да қылмен ысады. Ең соңында ашық күнде оқ-дәріні самал желге елейді, солайша ол қолдануға дайын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2102
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2202
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1624