Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
4048 2 пікір 12 Маусым, 2017 сағат 04:47

Жапония император Акихитоның тақтан бас тартуы жөніндегі заңды қабылдады

Жапония парламентінің жоғарғы палатасы жұма күні император Акихитоның тақтан бас тартуы және билікті тақ мұрагеріне беру жөніндегі заңды қабылдады.

Қабылданған құжатқа сәйкес, бұл процесс үш жыл көлемінде жүзеге асады. Заң тек қазіргі монархқа ғана қатысты.

Былтыр тамыз айында халқына жолдауында 83 жастағы император Акихито денсаулығына және жасына байланысты тақты өзінің мұрагері, үлкен ұлы, ханзада Нарухитоға беруге ниетті екенін жеткізген.

Бұл Жапония тарихында соңғы 200 жылда өз еркімен тақтан бас тартқан бірінші оқиға болып тұр. Билікті беру рәсімі келесі жылдың аяғында болады деп күтіледі.

Осының алдында заң жобасын парламенттің төменгі палатасы мақұлдаған.

Абай-ақпарат

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1567
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1455
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1203
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1189