Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2185 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 10:38

«Набукко» үшін Әзербайжан газы жетеді - SOCAR вице-президенті

Баку. 3 маусым. ҚазТАГ – 2015 жылға қарай «Абшерон», «Бабек» және «Умид»» теңіздегі газ құрылымдары іске қосылған жағдайда, «Набукко» жобасы үшін  газ жеткілікті болады, деп мәлім етті сейсенбі күні SOCAR (ӘРММК, Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы) компаниясының кен орындарының геологиясы, геофизикасы және кен орындарын игеру бойынша бірінші вице-президенті Хошбахт Юсифзаде. Бұл туралы Trend Capital ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Бұл құрылымдар іске қосылғаннан кейін Әзербайжандағы газ қоры төрт триллион текше метрге жетеді, бұл жағдайда «Набукко» үшін бізде газ жеткілікті болады», - деді Юсифзаде.

Юсифзаде мәлім еткендей, «Набукко» газ құбырының жобасы техникалық тұрғыдан алғанда уақытты талап етеді.

Әзербайжанның дәлелденген газ қоры екі триллион текше метрді құрайды, алайда егер келешегі бар құрылымдарды есепке алсақ, Әзербайжандағы газ қоры бес триллион текше метрге жуық, деді Юсифзаде.

Юсифзаденің айтуынша, мұнайдың дәлелденген қоры болжаммен бірге төрт миллиард тоннаны құрайды. 

Құны 7,9 млрд еуро болатын «Набукко» газ құбыры Каспий аймағынан ЕО мемлекеттеріне газ жеткізуге арналған. Газ құбырының құрылысы 2011 жылға белгіленіп отыр, алғашқы жеткізілімдер 2014 жылы басталады. Құбырдың ең жоғарғы қуаты жылына  31 млрд текше метрді құрайды. Жобаның қатысушылары - аустриялық OMV, венгрлік MOL, болгариялық Bulgargaz, румыниялық Transgaz, түріктің Botas және немістің RWE. Қатысушылардың әрбір қатысушысы 16,67 пайыздан тең үлеске ие. Жобаның жалпы құнының 30% Nabucco Gas Pipeline International акционерлері үлестік қатысу негізінде инвестициялайды, қалған 70% несиелер есебінен төленеді.

0 пікір

Үздік материалдар