Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2389 0 пікір 9 Қыркүйек, 2010 сағат 12:57

Ғылыми сарапшылар қорытынды шығарды

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектерінің ассоциациясы» қо­ғамдық бірлестігінен ҚР Білім және ғылым ми­нистрлігіне қарасты Мемлекет тарихы инс­титутына орын алған мәселеге қатысты ғылыми сараптама  мен түсініктеме беру туралы ресми сұрау жолданған болатын. Осы негізде ҚР Та­рихшылары мен қоғамтанушылары лигасымен ескерткіш-мүсіндерге тарихи-антропологиялық сараптама жасау жөніндегі арнайы комиссия құрылып, аталған мәселені зерттеді.

Комиссия құрамына ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Бо­лон ғылым академиясының корреспондент-мү­шесі, еліміздің әлемге танымал тұңғыш ан­тро­пологi Оразақ Смағұлұлы; Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдары­ның докторы, профессор Бүркітбай Аяған; тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов; тарих ғылымдарының докторы, профессор Сейітқали Мадуанов; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің до­центі, тарих ғылымдарының кандидаты Марал Хабдуллина; тарих ғылымдарының кандидаты Құралай Сәрсембина сынды белгілі тарихшы, ғалым-мамандар енгізілді.

Ғылыми сарапшылардың айтуынша бұндай ескерткіштерді әзірлемес бұрын, алдымен оны мүсіншілердің жан-жақты талқысы мен са­рап­тамаларынан өткізіп алу қажет. Себебі та­ри­­хи тұлғалардың сырт-пішінді жалпы ерек­ше­ліктерін, ұлттық және эмоционалдық жақ­тарын жан-жақты ашып көрсету хас шебер­лердің кәсібилігін талап етеді. Бұл орайда, қарадүрсін үлгіге ғана иек артуға әсте болмақ емес. Әсіресе басты назарды тарихи тұлғалардың антуражы­на, сол кезеңдегі жауынгерлердің қару-жарақ­та­ры мен сырт киімдерінің үлгілеріне аударған жөн. Себебі сол кезеңде өмір сүрген тарихи тұлғалардың сырт-пішіндері өз дәуірінің ұлттық сипатымен сәйкесуі қажет.

Әлемге әйгілі антрополог О. Смағұлұлының айтуынша, мүсіндердің сыртқы пішіндері мен үлгілеріне басты назар аударылуы тиіс. Антро­пологияда бет-пішін морфологиялық ерек­ше­ліктерден қалыптасады. Яғни, қалпына кел­тірілген бас сүйектің мүсін-бейнесіне образ­дық, эмоциялық көріністерді бермей, қарапайым тірі кезіндегі морфологиялық ерекшеліктерін сақтап қалуға тырысады. Қазақ ұлтының ан­тропологиясы бойынша, әсіресе орта ғасыр­ларда қазақтардың беті жалпақтау, әрі биік бо­лып келген, сақал-мұрттары айтарлықтай өсіп-өнген, көз ұяларының құрылымы орташа деңгейде жетілген, кейбіреулерінің мұрын қыры қайқылау болған. Ал бізге ұсынылған мүсіндер нұсқасында сол замандағы атропологиялық ерекшеліктер мүлдем ескерілмеген.

- Мүсіндерді құю барысында сол заманның киім үлгілері мен қару-жарақтарының ерекшеліктері де ескерілмеген. Тіпті сауытсаймандар да бір үлгіде. Ал ол хандарда әртүрлі болған, - дейді Марал Хабдуллина.

Тарихшылар бәрінен бұрын ескерткіш мү­сін­дердің өндірістік сапасы анағұрлым мықты өз елімізде емес, Қытай жерінде құйылғанына қапаланып отыр.

- Біздің елімізде бұл жобаны толығымен орындап шығудың барлық мүмкіндіктері бар. Одан басқа, мүсіндердің көркемдік құндылықтары мен оны әзірлеу барысында қателіктер­ге ұрынбау үшін арнайы сараптама комиссия­сы құрылуы тиіс еді, - дейді Хангелді Әбжан.

Сараптамалық комиссияның қорытындысы бойынша, аталған объект сәулеттік-идеологиялық жағынан да, көркемдік және тарихи-мәдени тұрғысынан да ешбір сын мен сапаны көтермейді.

Ескерткіш-мүсіндерді әзірлеудегі орын алған түрлі тарихи, практикалық және заңдық көптеген қателіктер бүгінгі және болашақ ұлт ұрпақтарын шатастыратын шала дүние болып табылады. Бұл аталған мүсіндердің ұсынылып отырған қазіргі нұсқасында оларды қоғамдық орындарға орналастыруға мүлдем болмайтындығын көрсетеді. Мүсіндерді дәл осы қалыптарында орналастыру Қазақ Хандығының негізін қалаған тарихи тұлғалардың даңқына дақ түсіріп, рухы мен әруағын қорлап, сүйекке таңба салатын, ұлт тарихын масқаралауға ұрындыратын дүние болмақ.

Комиссия мүшелерінің пікірінше, Керей мен Жәнібек хандарға арналатын ескерткіштер - кәсіби тұрғыда талқыланып, өте мұқият орындау­ды қажет ететін қастерлі дүние. Сон­дық­тан да мемлекеттік деңгейде жалпы ұлттық талқылау мен ең үздік жобаны анықтайтын конкурс жариялаған жөн.

«Қазақ тарихы» журналынан

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2242
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1636