Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3044 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 06:32

Екібастұзда А гепатитіне шалдыққан балалардың саны 19-ға жетті

Павлодар. 1 қараша. ҚазТАГ – Демалыс күндері Екібастұзда А гепатитіне шалдыққан балалардың саны 19-ға жетті, деп хабарлайды Павлодар облысының мемсанэпидқадағалау департаменті.

7-ші және 6-шы сыныптардың үш оқушысы ауырып қалды, сондай-ақ, гепатит бас көтерген №11 мектептің оқушысымен қатынаста болған №12 мектептің бір оқушысынан А гепатиті анықталды, деп мәлім етті дүйсенбі күні мемсанэпидқадағалау департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Мұхитова.

Бұрын хабарланғандай, 22-28 қазан аралығында Екібастұз қаласының жұқпалы аурулар бөлімшесіне А гепатитіне шалдыққан №11 мектептің 15 оқушысы жеткізілген болатын.

Облыстық мемсанэпидқадағалау қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 22 қазанда 7 сыныптың оқушысы – қыз бала дәрігердің көмегіне жүгінген, оған «вирустық А гепатиті» деген диагноз қойылды. Оқушылардың арасында аурудың таралуына мектепте тазалық ережелерінің сақталмағаны себеп болған. 878 оқушысы бар мектепте бір суағар ғана жұмыс істейді.

Екібастұз қаласының № 11 мектебі 29 қазаннан бастап карантинге жабылды, эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатыр.

0 пікір