Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4939 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 20:19

Жаңа өнімдер шығарылады

Үстіміздегі жылдың 20 қазан күні Павлодар қаласының әкімі Бақытжан Жоламанов «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша жұмыс жасап жатқан кәсіпорындардың бірі «РОМАТ» фармацевтикалық компаниясының жұмысымен танысты. ТМД елдеріндегі дәрі-дәрмек өндіретін кәсіпорындардың бірі және бірегейі саналатын «РОМАТ» компаниясының өнімдерін Қазақстанның барлық аймақтары тұтынады.

«РОМАТ» фармацевтикалық компаниясы - Қазақстандағы ең белді кәсіпорындардың бірі. Өз жұмысын 1992 жылдан бастаған бұл кәсіпорын бүгінгі таңда әлемдік стандарттарға сәйкес өнімдер шығарады. «Ромат» компаниясы заманға сай құрал-жабдықтармен жабдықталған әрі GMP өндірістік практикасы арқылы жұмыс жасайтын кәсіпорын болып саналады. Жалпы зауытта таблетка және капсула түріндегі дәрі-дәрмек өнімдері, ферменттік препараттар мен дәрілік шөптер шығарады. Сондай-ақ, медициналық өнімдерді өндіретін «Ромат» компаниясы Қазақстанда тиімділігі жоғары шприц шығаратын жалғыз зауыт болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіпорынның өнімдері Қазақстанның барлық аймақтарына таралады. Компанияның филиалдары Қазақстанның 18 қаласында жұмыс істейді. Жемісті жұмысының арқасында компанияның 2006 жылы Қытай астанасы Пекинде арнайы өкілдігі ашылды. Бүгінде зауыт 1089 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Алдымен қала басшысы кәсіпорынның Қ.Камзин көшесі бойындағы ескі ғимаратында болды. Қазіргі таңда өндіріліп жатқан өнімдердің басым бөлігі осы жерде шығарылады. Компанияны 1995 жылдан басқарып келе жатқан Тұрарбек Рақыштың айтуына қарағанда, зауыттың жұмысы жақсарып, халық тарапынан сұранысқа ие бола бастағандықтан, кәсіпорынның қызметі мен жұмыс орындарын ұлғайту қолға алынған. Бұл ретте компания биыл үш үлкен нысанның құрылысын бастады.

- Осы жылдың наурыз айында Павлодар қаласының аумағына жаңадан фармацевтикалық және медициналық зауыттарының құрылысын бастап кеттік. Сонымен қатар темір бетон мен металды-пластикалық өнімдерді шығаратын және құрылыс саласында пайдаланылатын сэндвич-панельдерді өндіретін жаңа зауыттың құрылысы басталды. Фармацевтикалық зауыттың құрылысы келер жылда аяқталмақ. Сол секілді темір бетон мен металды-пластикалық өнімдерді шығаратын және сэндвич-панельдерді өндіретін жаңа зауыт та қызметі келесі жылы бастамақ. Ал медициналық зауыттың құрылысы 2012 жылы толықтай аяқталады деп күтілуде,- деді компания президенті Тұрарбек Рақыш. Компания басшысы Елбасы Н.Назарбаев «РОМАТ» фармацевтикалық компаниясына көп сенім артып отырғандығын жеткізді. «Өздеріңіз білетіндей, өкінішке қарай Қазақстан туберкулез ауруы бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің бірі саналады. Аталмыш аурумен ауыратындардың саны жыл санап артып келеді. Туберкулездің алдын алу үшін әлемдік нарыққа біз өз өнімдерімізді ұсынып отырмыз. Біздің компания ұсынған өнімге АҚШ мемлекеті қызығушылық танытып, бірге жұмыс жасауды алға тартып отыр. Мұның өзі компанияның жемісті жұмыстарының бірі деп білемін»,- деді компания басшысы өз сөзінде. Тұрарбек Рақыштың айтуына қарағанда, дәл қазіргі уақытта компанияның Ресей астанасы Мәскеуде филиалы ашылмақ. Сонымен қатар ол Қ.Қамзин көшесіндегі ескі ғимарат өз жұмысын әрі қарай жалғастырып, қала сыртындағы жаңа нысан басқа да дәрі-дәрмек өнімдерін шығаратынын алға тартты.

Зауыттың тыныс-тіршілігімен танысқан қала басшысы Б.Жоламанов кәсіпорынның жұмысына оң баға берді: «Еліміздегі барлық ауруханалар «РОМАТ» фармацевтикалық компаниясының өнімдерін пайдаланады. Бұл облыс пен республика үшін өте тиімді. Жалпы компанияның жұмысы қала тұрғындары үшін қолайлы болмақ. Қазірдің өзінде «РОМАТ» фармацевтикалық компаниясында мыңдаған адам жұмыс жасайды. Яғни, компания тұрғындар үшін тиімді жұмыс көзі болмақ. Алдағы уақытта медициналық зауыт пен темір бетонды, металды-пластикалық өнімдер өндіретін зауыт қала тұрғындарын жұмыспен қамтитын болады. Жалпы компанияның атқарып жатқан жұмыстары көңілге қонымды».

Кәсіпорын алдағы уақытта қала ішінде 200 жана дәріхана ашпақ және «Рихлокаин» атты жаңа дәрі өндіруді қолға алмақ. Компания сонымен қатар өздігінен тұйықталатын шприц өнімдерін өндіруді жоспарлап отыр.

Фархат ӘМІРЕНОВ.

0 пікір