Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3779 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 20:14

Ұлттық баспасөз ұлықталған күн

Облысымызда кеше бұ­рын-соңды болмаған ерекше шара бастау алды. Рес­пуб­ли­камыздағы іргелі басылымдар бас редакторларының об­лыстағы күндері басталды, ол қыркүйектің 24-іне дейін жал­ғасын таппақшы. Кеше қо­нақтарды облыс әкімі арнайы қабылдап, келелі кеңес өткізді. Бұл жиында елдік мәселелер сөз болды. Бұдан соң қаламгерлер студенттермен, Елбасымен бір­ге еңбек еткен ардагер металлургтермен кездесулер өткізді. Ал бүгін осы шара Қарқаралы ауданында жалғасын табады.
Биліктің қазақ басылымда­рының жай-күйіне ерекше назар аударуы - құбылыс десек, артық айтпаған болармыз. Алқалы жи­ынға келген ұлттық басылым бас­шыларының да дәл осылай ой­лағанына шүбә жоқ. Шақырту ал­ғандардың бірі қалмай жиылыпты. Облыс басшысының бас­тамасымен ұйымдастырылған ал­қалы жиынға еліміздегі «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Ана тілі», «Президент және халық», «Заң», «Дала мен қала» сияқты атағы жер жаратын республикалық 17 басылымның басшысы келді.
- Құрметті қаламгерлер, қа­сиетті Қарағанды жеріне қош келдіңіздер, - деп әңгімесін бас­таған облыс әкімі бүгінгі жиынның мәнісіне тоқталды.

Ірі өндіріс ошағы болып саналатын Қарағанды облысының ел дамуына қосып жатқан үлесі көп. Елбасы тапсырмасымен жүзеге асырылып, ұлттық идея деңгейіне көтеріліп отырған индустриялық-инновациялық бағдарламаны ор­ындау мақсатында көптеген жұ­мыс тындырылуда. Осы ілкімді істерді ары қарай дамыту, елдікті нығайту жолында азаматтық позиция ұстанған, мемлекетшіл қазақ басылымдарының қолдауы өте-мөте қажет. Ұлттық басылымдар биліктің тұрақтылықты, бірлікті ту еткен идеясына үлкен қолдау көрсетіп отыр. Алдағы уақытта осыны дамыта түсу қажет. Мақсат - осы.
Бұдан соң аймақ басшысы облыста атқаралып жатқан келелі істерге тоқталды.
- Республиканың Индустриялық картасына құны 76 миллиард тең­геден асатын 18 жоба енгізіліп отыр. 10 жоба биылғы жылы жүзеге асырылады, 6-уы осы жарты жыл­дықта орындалды. Облыс экономикасын негізінен кен өндіру, өңдеу өнеркәсібі құрайды. Осыны ескере отырып, базалық өнеркәсіп салаларын дамытудың тұжырымдамасын жасадық. Дәстүрлі салалармен қатар, машина жасау, металлургия өнімдері, металл өңдеу, химия және фармацевтика өнеркәсібін, металл емес құрылыс материалдарын шығаратын зауыттарды да­мытудамыз. Облыста машина жасау зауыттарымен, ғылыми мекемелермен және технопаркпен бірлесе отырып, машина жасау консорциумын құрдық. Алғашында оған 7 машина жасау зауыты кірген болса, қазір олардың саны - 25. Ауылдық мекендерді дамыту мен абаттандырудың үш жылдық жос­пары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, әр ауылдық мекенді моншамен, наубайханамен, коммуналдық техникамен қамтамасыз ету қолға алынды, - деді ол.
Келелі кеңес бұдан әрі қазақ баспасөзінің жай-күйіне қарай ойыс­ты. Қазақстан Журналистер ода­ғының төрағасы Сейтқазы Матаев, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Ауыпбаев, «Нұр медиа» холдингі бас директорының орынбасары Альберт Сафулин, «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Жұмабек Кенжалин бастаған қаламгерлер бұрын-соңды болмаған шараны қолға алып жатқан аймақ басшысына алғысын айтып, қазақ баспасөзінің басындағы проблемаларды сөз етті. Республикалық «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп:
- Тәуелсіздігіміздің жиырма жыл­дығы келе жатқан қарсаңда ұлттық басылымдарды қолдап жат­­қандарыңыз өте орынды екен. Қазірде еліміздегі 16 миллион халық өз тағдырын Қазақстанмен байланыстырады. Солардың барлығы бір тілде сөйлеуі керек. Соны жылдамдату үшін қазақтың газеті, әдебиеті, киносы, мәдениеті, театры бәсекеге қабілетті болуы қажет. Сол көшке бет алдық. Көш көлікті болсын, - деді.
«Президент және халық» га­зетінің бас редакторы Марат То­қашбаев:
- Біздің көптеген проблемамыз поштаға байланысты. Газеттің уақытылы таралуын қамтамасыз етуге, ұлттық басылымдар сататын нүктелердің ашылуына қолдау көрсетсеңіздер, - деді.
«Астана» журналының бас редакторы Мақсат Тәжімұрат:
- Мен ойлайтынмын, басылым табиғи жолмен таралуы керек деп. Бірақ, басқа да тетіктерді қол­данбаса, бәрібір болмайды екен. Сіз секілді ықпалды адамдардың бір ауыз сөзі газеттің таралымына едәуір әсер етер еді. Осыны ескерсеңіздер, - дегенді құлаққағыс етті.
Басылым басшыларының базыналарына облыс әкімі сол жерде жауап берді. Аймақ басшысының айтуынша атқарушы биліктің ұлттық басылымдарға көрсетілер құрметі осы жиынмен ғана шектеліп қалмақ емес. Тәуелсіздік алғалы бері елде саяси-экономикалық, әлеуметтік тұ­­­рақтылықтың берік орнауына өл­шеусіз үлес қосқан қазақ басы­лымдарына алдағы уақытта жүйе­лі түрде қолдау көрсетпек. Осы бағытта облыста нақты істер қолға алынбақ. Атап айтқанда, жергілікті билік ендігі жерде қазақ газет-журналдарының көптеп таралуы үшін мынадай шаралар атқармақ. Келесі жылдан бастап, басылымдардың дер кезінде жеткізілуі үшін облыс ішіндегі елді мекендер арасында әуе қа­тынасы жолға қойылмақ. Қазақ газеттеріне мемлекеттік тапсырыстар көптеп беріледі. Сондай-ақ, билік га­зет­тердің таралымының өсуіне, әсіресе балаларға арналған газет-журналдарды қолдауға уәде етіп отыр.
Аймақ басшысына тағы бір мәрте алғыстарын айтқан қа­ламгерлер бұдан соң тобымен ҚарМУ-ды бетке алды. Оқу орынында кездесу өткізіп, студенттермен сұхбаттасты. «Дала мен қала», «Жас өркен», «Қазақстан-Заман», «Алаш айнасы», «Нұр Астана», «Түркістан» газет-журналдарының басшылары Сапарбай Парман­құлов, Жүсіпбек Қорғасбек, Ертай Айғалиұлы, Серік Жанболат, Ғабит Мүсіреп, Шәмшиден Пәттеев, кездесулерде қазақ басылымдарын дамыту мәселелері туралы құнды пікірлер айтты. Жиынды университет ректоры Еркін Көбеев ашып, облыс әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев сөз сөйледі.

Қамбар АХМЕТОВ.

0 пікір