Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3607 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 19:53

«ҚР Ұлттық банкі» ММ Батыс Қазақстан филиалының директоры, Борис ІЗБАСАРОВ:

- Борис Ізбасарұлы, Ұлттық банктің еліміздің ақша-несие саясатының 2010 жылға ар­нал­ған негізгі бағыттары айқындалды. Ақша-несие сая­­са­тын дайындау барысын­да макроэкономикалық жағ­дай­ды дамытудың үш сцена­рийі белгіленген болатын. Олардың қайсысы Ұлттық банк тұр­ғысынан неғұрлым дұрыс болып табылады?

- Сценарийлерге бөлу кезінде негізгі өлшем ретінде мұнайдың әлемдік бағасының деңгейі алын­ды. Бірінші және екінші сце­нарий бойынша бір баррель үшін мұнай бағасы тиісінше 30 және 50 доллар көлемінде белгіленді. Үшіншіден мұнайдың бір баррелінің бағасы 70 доллар болып межеленді.

Ұлттық банк бірінші сце­нарийдің жүзеге асырылу мүм­кіндігі өте төмен деп санайды. Өйткені мұндай жағдайда 2010 жылы ел экономикасының белсенділігі төмендеуі ықтимал. Егер екінші сценарийді таңдасақ, оны жүзеге асыру барысында мұнай бағасының неғұрлым жоғары деңгейі Ұлттық банк пен үкімет­тің экономикалық белсенділікті арттыруына және экономиканың біршама өсу қарқынын қам­тамасыз етуіне мүмкіндік береді. Үшінші жағдайда 2010 жылы экономикалық өсу қар­қыны алдыңғы сценарийлермен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейде болады деп күтілуде.

- Борис Ізбасарұлы, Ұлттық банктің еліміздің ақша-несие саясатының 2010 жылға ар­нал­ған негізгі бағыттары айқындалды. Ақша-несие сая­­са­тын дайындау барысын­да макроэкономикалық жағ­дай­ды дамытудың үш сцена­рийі белгіленген болатын. Олардың қайсысы Ұлттық банк тұр­ғысынан неғұрлым дұрыс болып табылады?

- Сценарийлерге бөлу кезінде негізгі өлшем ретінде мұнайдың әлемдік бағасының деңгейі алын­ды. Бірінші және екінші сце­нарий бойынша бір баррель үшін мұнай бағасы тиісінше 30 және 50 доллар көлемінде белгіленді. Үшіншіден мұнайдың бір баррелінің бағасы 70 доллар болып межеленді.

Ұлттық банк бірінші сце­нарийдің жүзеге асырылу мүм­кіндігі өте төмен деп санайды. Өйткені мұндай жағдайда 2010 жылы ел экономикасының белсенділігі төмендеуі ықтимал. Егер екінші сценарийді таңдасақ, оны жүзеге асыру барысында мұнай бағасының неғұрлым жоғары деңгейі Ұлттық банк пен үкімет­тің экономикалық белсенділікті арттыруына және экономиканың біршама өсу қарқынын қам­тамасыз етуіне мүмкіндік береді. Үшінші жағдайда 2010 жылы экономикалық өсу қар­қыны алдыңғы сценарийлермен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейде болады деп күтілуде.

Ұлттық банк еліміздің экономикасы дамуының екінші және үшінші сценарийлерінің іске асырылуы анағұрлым мүмкін деп есептейді. Сондықтан биылғы ақша-несие саясатының шараларын әзірлеу кезінде де осы жағдайлар ескерілді. Биыл осы үш сценарийдің қайсысы іске асырылса да, Ұлттық банктің негізгі мақсаты - баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны 6,0-8,0 пайыз мөл­шерінде ұстап тұру. Ұлттық банктің осындай іс-қимылдары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлеуетін нығайтуға, банк саласының несиелік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етпек.

- Бұл сценарийлерге қа­тыс­ты бүгін не айтуға болады?

- Ағымдағы жылдың алты айы ішінде Ұлттық банктің ақша-несие саясатында соны өзгерістер болған жоқ. 2010 жылғы 1 шілдеде ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бұрынғы 7,0 пайыз деңгейінде қалдырылды. Ұлттық банк қай­та қаржыландыру мөл­шер­ле­месінің деңгейін жылдық инфляция деңгейінен біршама жоғары ұстауға ұмтылады. Сөйтіп, егер ағымдағы жылы жылдық инфляция деңгейі тө­мендейтін болса, Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету мәселесін қарайды. Бірақ 2010 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 6,8 пайыз көлемінде қалды.

Биыл еліміздің эконо­ми­ка­лық дамуына қолайлы мак­ро­экономикалық жағ­дай қа­лып­та­сып отыр. Эконо­ми­ка­ның көп­те­ген салаларында өн­ді­ріс көлемінің ұлғайғаны бай­қалады. Ел-жұрттың кірістері де тұрақты көбейе түсуде, банк саласындағы жағдай жақсарып келеді. Дейтұрғанмен экономиканы қалпына келтіру баяу жүретінін айтқан жөн.

- Борис Ізбасарұлы, ва­лю­талық дәлізде қандай өз­герістер күтілуде?

- 2011 жылғы 20 наурызға дейінгі кезеңге Ұлттық банк теңгенің өзгеріс шамасын бір долларға 150 теңге (+)10 пайыз немесе 15 теңге (-)15 пайыз немесе 22,5 теңге көлемінде белгіледі. Бұдан басқа өзгерістер көптеген сыртқы және ішкі фак­торларға байланысты болады.

- Ең төменгі резервтік талаптар өзгере ме?

- Ұлттық банк ұстаны­мын­ша, ең төменгі резервтік талап­тардың межелері бүгінде (екінші деңгейдегі банктерге арналып ішкі міндеттемелер үшін - 0 пайыз және өзге міндеттемелер үшін - 0 пайыз көлемінде) төмен деңгейде сақталып отыр. Бұл көптеген банк үшін қолайлы. Сондықтан оны өзгертуге негіз жоқ.

- Биыл банк саласына қатысты болжамдар қандай?

- Несие қорларына сұраныс өсіп отырғанымен, банктер несие алушыларға қатаң талап қойып, олардың төлем қабілеттілігіне терең талдау жасайды. Корпоративтік несиелеу саласында да қаржылық емес ұйымдардың несиеге «шөліркеп» отырғаны байқалады. Олар негізінен, айналым қаражатын молайтуға және өтелмеген несие қарыздарын өтеу үшін несие алуға құмар. Сонымен қатар шағын және орта бизнес құрылымдарының ірі банктер арқылы мем­ле­кет­тің дағдарысқа қарсы бағ­дар­ламасы шеңберінде бөлін­ген қаражаттарға деген сұранысы өсуде. Несиелеудің бөлшек на­рығында да несие алғысы келетіндер жетіп артылады. Тұтынушылық несиелеудің негізгі үлес салмағын ағымдағы тұрмыстық қажеттіліктерге бе­рі­летін несиелердің қысқа мерзімді және шектелген қар­жы­лық мөлшері құрайды.

Тұтас алғанда, банктер клиент­терді қатаң сұрыптаудан өт­­кізеді, сөйтіп, олардың бар­лығына емес, тек орта есеппен 40-50 пайызына ғана несие береді. Қазіргі жағдайда банктердің көпшілігінің қара­жаты болғанымен, несие порт­фелі сапасының төмендеуіне байланысты өздерінің несиелік қызметіне неғұрлым сақтықпен қарайды. Барлық факторларды елеп-екшеп, жағдайды нақты бағалайды.

Бүгінде банктердің алдында тұрған басты мәселе - бұл ұзақ мерзімді несиелеудің болмауы. Ал әзірге банктердің бос қаражаты негізінен ішкі нарықтан тартылған қысқа мерзімдік ақшалардан құралады. Сондықтан оларды ұзақ мерзімді мақсаттарға пайдалану мүмкін емес. Банктердің 76 пайызға жуығы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның дағ­да­рыс­қа қарсы қолдауы және макроэкономикалық аху­ал­дың жандануы нә­ти­же­сін­де баға тұ­рақ­ты­лы­ғын немесе жылжымайтын мүлік бағасының біртіндеп өсуін күтуде.

- Ұлттық банк екінші дәрежелі банктердің жеткілікті қаражатының өз­де­рін­де, яғни банктерде қа­лып қоймай, экономикаға жұм­салуы үшін қандай шаралар жүргізуде?

- Банктер қысқа мерзімді өтімділіктің тап­шы­лы­­ғын сезіп отырған жоқ. Депозиттердің түсуі сақ­та­лу­да, экономиканы несиелеу біртіндеп қалпына келуде. Банк саласында жағ­дай­дың тұрақтануына банк­тер­дің өтімділіктің қо­мақты көлемін Ұлттық банкте жинақтауы ықпал етті. Қазіргі уақытта банктердің бос қорларын экономиканың нақты саласына бағыт­тау­дың оңтайлы тетіктері қа­растырылу үс­тінде.

- Қорыта айтқанда, бұл табысқа жетудің түп қазығы демекшісіз ғой?

- Иә, солай. Ағымдағы жылы экономиканы тұ­рақ­тан­дыру және дағ­да­рыс зар­даптарын жеңу ба­ғы­тын­да табысқа жету үкі­ме­ті­міз­дің, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қа­дағалау агенттігінің және Ұлт­тық банктің бірлескен іс-қимылына тікелей байла­нысты болмақ. Қазірдің өзін­де басты назар аударылатын тұстар анықталды. Біріншіден, теңге бағамының тұрақтылығын және ақша нарығының қажетті өтімділік деңгейін қолдау. Әрине, бұл Ұлттық банктің басты міндеті болып табылады. Екіншіден, банктер баланста­рын сауықтыру жұмыстарын және оларды сапасыз актив­терден «тазартуды» жеделдету қажеттігі сөзсіз. Үшін­шіден, дағдарыстан кейін­­гі даму кезеңінде банк­тер­­­дің не­сие­лік белсен­ділі­гін ши­­ра­та­тын шаралар кешенін әзір­леу міндеті тұр.

 

Сұхбаттасқан Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА.

0 пікір