Сенбі, 4 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3852 0 пікір 24 Мамыр, 2017 сағат 10:36

Түркіменстанның вице-премьері асылып өлді

Түркіменстан министрлер кеңсесі төрағасының орынбасары Батыр Эрешов өз-өзіне қол жұмсаған. Дереккөздің хабарлауынша, бұның алдында вице-премьердің ұлы тұтқындалған деп жазады centralasian.org.

Өнеркәсіп кешеніне жауапты саясаткер Батыр Эрешовтың қайтыс болған 3 мамырда түркіменстандық ресми баспасөз хабарлаған еді. Қайғылы оқиғадан бірнеше күн бұрын оның ұлы аса ірі көлемдегі қаражатпен ұсталған делінеді. Билікке жақын дереккөздің хабарлауынша, баласы ұсталған соң артынша Эрешовтың соңынан тыңшы түскен.

"Оның ұлы көп ақшамен ұсталды. Артынан аңдып қойды, оны да ұстайды деп бәрі ескертіп жатты. Содан кейін ол асылып өлген. Денесін алып кетіп, үш тәулік бойы бермеді. Кейін қайтарып берді, расталмаған ақпарат бойынша, оны Өзбекстанда, өзінің туған жерінде жерлеген. Ұлы әлі қамауда отыр", - деді дереккөз.

"Хроника Туркменистана" сайтының хабарлауынша, Эрешов Өзбекстанның Бұхара облысындағы зиратта, бабаларының қасына жерленген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1102
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 997
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 733
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 848