Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3091 0 пікір 23 Мамыр, 2017 сағат 13:24

Ұшуға қойылатын шектеулерге де шек қойылмақшы

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап азаматтар онлайн-жүйесінде айыппұл төлеп, ұшуға қойылған шектеуді бірден алып тастай алады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Азаматтар үшін Үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Енгізілгелі отырған тағы бір жақсы жаңалық ұшуға  шектеу қойылған жағдайда айыппұлды өтеу мәселесі болмақ. Бүгінгі күні азаматтар кедендік бақылаудан өту барысында  оларға ұшуға шектеу қойылғандығы туралы ақпараттың беріліп жататындығын білеміз», - деп атап өтті корпорациясының басқармасының төрағасы . Корпорация басшысының айтуынша, осы мәселені шешуге бағытталған жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр. «Бүгінгі күні Әділет министрлігімен және «Қазпошта» АҚ-ымен бірлесіп, бұл мәселе талқыланды. Маусым айынан бастап азаматтар айыппұлдарды онлайн-жүйесінде бірден төлеу мүмкіндігін алады және ұшуға қойылған шектеу бірден алынып тасталады. Бұл қызмет түрін Қазпошта осы жылдың маусым айынан бастап іске қосуды жоспарлап отыр», - деді Абылайхан Оспанов.

Естеріңізге сала кетейік,  мемлекет алдында қарызы бар заңды тұлғалар мен тұрғындар халықаралық әуежайлардағы тексерістер барысында сапарларын жалғастыра алмай келеді. Жоғарыдағы жайт іс жүзіне ұласса, онда қазақстандықтардың қайда шықса да "жолы болғалы" тұр.

Абай-ақпарат 

0 пікір