Жексенбі, 28 Сәуір 2024
46 - сөз 6911 1 пікір 22 Мамыр, 2017 сағат 09:29

Әліппесіз оқып шыққан 350 мыңнан астам оқушының обалы кімге?

"О чём думаете? - дейді. О чём болушы еді? Сағадиевті ойлап жатырмын. Биылғы менің қызым секілді 1-сыныпты Әліппесіз оқып шыққан 350 мыңнан астам оқушының обалы кімге? - деп ойлап жатырмын. Егер биыл күзгі жаңа оқу жылына Әліппені қайта енгізетін болса, былтыр қырғын ақша шығарып бастырған Сауат ашу қайда қалады, деп ойлап жатырмын.

1-сынып 1, 2, 3 таңбалы сандарды оқып, қарапайым төрт амал - арифметиканы ғана үйренуші еді ғой. Неге менің қызым мен оның сыныптастары теңдеулер шешіп, Х (икс) пен У (игрек) оқып кетті? Жалпы, онсыз да 25 жылда 13 министр былықтырып кеткен білім саласын 14-шісі келіп, одан сайын былықтырудың қажеті қанша еді? Үш тілде оқытсақ, жұрттың 50 жыл жүрген жолын 10 жылда жүріп өтеміз дейді. Күлесің бе, жылайсың ба? Біздің буынның өтпелі кезеңде өмір сүргені аздай, енді біздің ұрпағымыз да эксперименттен көз ашпайтын болды ау!...

Дәулетхан Жиенқұлов

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір