Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4580 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 15:01

АЛҒЫ СӨЗ

Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасын жинап,

сараптап, құрастыруда зор еңбек сіңірген

ғұлама ғалым, академик Ә.Х.Марғұлан

 

2010 жылы қараша айында қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, ғалым, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 175 жыл толады.   Осы айтулы мерейтойға орай тұңғыш рет Шоқанның толық  көп томдық шығармаларының қазақ тіліндегі жинағын жарыққа шығару қолға алынып отыр.

Ш.Ш. Уәлихановтың шығармашылығы көзі тірісінде әлемге таныла отырып, бүгінгі күнге дейін ғылыми құндылығын жойған жоқ. Шоқанның еңбектерінен қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының өкілдері кең, маңызды дерек алып келеді.

Ш.Ш. Уәлиханов әлемдік ғылымға қомақты үлес қосқан алғашқы қазақ ғалымы. Өзінің асқан талантымен, білімпаздығымен, көпқырлы ғылыми білгірлігімен және интеллектуалдық тереңдігімен орыстың  зиялы қауымын ғана емес, сонымен қатар Еуропа мәдениетін таңдай қақтырып, тәнті етті.

Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми мұрасын жинап,

сараптап, құрастыруда зор еңбек сіңірген

ғұлама ғалым, академик Ә.Х.Марғұлан

 

2010 жылы қараша айында қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, ғалым, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 175 жыл толады.   Осы айтулы мерейтойға орай тұңғыш рет Шоқанның толық  көп томдық шығармаларының қазақ тіліндегі жинағын жарыққа шығару қолға алынып отыр.

Ш.Ш. Уәлихановтың шығармашылығы көзі тірісінде әлемге таныла отырып, бүгінгі күнге дейін ғылыми құндылығын жойған жоқ. Шоқанның еңбектерінен қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының өкілдері кең, маңызды дерек алып келеді.

Ш.Ш. Уәлиханов әлемдік ғылымға қомақты үлес қосқан алғашқы қазақ ғалымы. Өзінің асқан талантымен, білімпаздығымен, көпқырлы ғылыми білгірлігімен және интеллектуалдық тереңдігімен орыстың  зиялы қауымын ғана емес, сонымен қатар Еуропа мәдениетін таңдай қақтырып, тәнті етті.

Тамаша ғалым Қазақстанның, Қырғызстанның, Оңтүстік Сібір және Шығыс Түркістанның тарих, этнография, мәдениет, экономика, физикалық география салаларын терең ғылыми зерттеулерімен толықтырды.  Сол кездің өзінде ол  қайсарлығымен, ерекше табандылығымен көзге түсті.  Ш.Ш. Уәлихановтың  Қашғарға ғылыми сапары Марко Поло заманынан (ХІІІ ғ.) кейін, Орталық Азияның зерттелмеген түкпірін еуропалық ғылыми қауымдастыққа таныстырып, жан-жақты ғылыми сипаттама берген алғашқы ғылыми ерлік болды.

Қазақстанның Ресей құрамына қосылу үрдісінің соңғы кезеңін бастан өткеріп отырған өз халқының тағдыры  Ш.Ш. Уәлихановты терең толғантты. Ол қазақ халқының нақтылы-тарихи өмір салтына қайшы келетін, әдет-ғұрпы мен дәстүріне жат сот реформаларын зорлықпен таңып отырған патша өкіметінің самодержавиелік саясатына батыл қарсы шығып, қолдамады.  Алайда, бұл оның Қазақстан мен Ресейдің достық қатынасын қолдауына кедергі келтірмеді. Ол алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымы өкілдерімен тығыз шығармашылық және достық қатынастарда бола отырып, өз халқын еуропалық және бүкіл адамзаттық білім-ғылымды игеруге шақырғаны белгілі.

Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми көкжиегінің кеңдігі,  сан-салалы білімі, жемісті ой-тұжырымдарға жетелеп, түркі халықтарының ортақ шығу тегі, тіл туыстығы, тарихи тағдырының бірлігі сынды бүгінгі күні де көкейкесті болып тұрған Орталық Азиядағы Түркі әлемінің бірлігі идеясына әкеледі.   Олар Ш.Ш.Уәлихановтың жарқын таланты және керемет эрудициясы, оның  теңдесіз энергиясы және еңбекқорлығы аз мерзімде көп көлемдегі құнды және әралуан еңбектерді дүниеге әкелуге мүмкіндік берді. Ш.Ш.Уәлихановтың қолжазбаларын жинақтауда, реттеуде Қазақ КСР Академиясының академигі Ә.Х.Марғұланның еңбегі зор. 1961-1972 жж. санқырлы ғылыми білгір тұлға Ә.Х. Марғұланның жетекшілігімен Ш.Ш.Уәлиханов шығармаларының бес томдық  жинағы жарық көрді. Бұл басылым тақырыптық қағидатты негізге алды.   Ш.Ш. Уәлиханов шығармаларының екінші бес томдық жинағы 150 жылдық мерейтойына арнайы жоспарланып, 1984-1985 жж. жарияланды. Бұрын жарық көрмеген еңбектері мен бірқатар түзетулер енгізілген бұл басылым хронологиялық қағидатқа сүйенді. Шоқанның шығармашылық мұрасын зерттеу барысында тақырыптық та әрі хронологиялық та тәсілдерді қатар ескеру түсінікті жайт.

Қазақ тілінде дайындалған көп томдық осы басылым орыс тілінде жарық көрген екінші басылымды негізге алды. Бірінші томға ғалымның күнделіктері және 1853-1855 жж. ғылым жолының бастапқы кезеңінде жазылған алғашқы ғылыми мақалалары енді; екінші том 1856-1857 жж. жазылған еңбектер  негізінде құрастырылды; үшінші том Ш.Ш.Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық қызметінің ең жемісті 1858-1861 жж. жазылған  шы-ғармаларын қамтиды; төртінші томға 1862 жылдан шығар-машылығының соңғы кезеңіне дейінгі шығармалары және жазылған уақыты белгіленбеген мақалалары мен қолжазбалары және ғалымның жеке мұрағаты енді; бесінші том ғалымның эпистолярлық жинағы және өмірбаяндық деректерінен тұрады.

Бұл жаңа жинақта бұрынғы басылымдардағы түсіндірмелер нақтыланып, бірқатар түзетулер енгізілді.  Сонымен қатар, қазіргі ғылымның жетістіктерін және геосаяси жағдайды - Қазақстанның тәуелсіздік алуын ескере отырып, Ш.Уәлихановқа қатысты бірқатар  мақалалар мәтініне маңызды өзгертулер жасалды. Бұл түзетулер, мәселен 130 жылға созылған Қазақстанның Ресейге қосылуы ерікті құбылыс болмағандығын, Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс  ұлт-азаттық сипатта болғандығына қатысты жасалды.  Ш.Ш.Уәлиханов  - өз дәуірінің ұлы.  Оның шығармашылығына патша өкіметінің  дәуірі және идеологиясы әсер етті. Осылайша, ғалымның көзі тірісінде орыс әдебиеттерінде бұратана текті ұлт-ұлыстарды кемсіту мақсатында  экзоэтнонимдер  қолданылды: мысалы, «қазақтың» орнына - «кайсак-киргиз», «киргиз», «қырғыздың» орнына - «дикокаменные киргизы», «буруты». Ш.Ш.Уәлиханов барлық жерде қолданған бұл терминология ХІХ ғасырдағы империялық Ресей әкімшілігінің сол кездегі отаршылдық саясатының құйтырқы әрекеттерін көрсету мақсатымен және оқыр-манға ғұлама ғалымның шығармаларын қайталанбас дерек ретінде түпнұсқада беру үшін қазақ тіліне аударма мәтінінде сол күйінде сақталды.

 

 

Б.Е.Көмеков,

ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1529
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1390
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1139
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1156