Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 8131 14 пікір 16 Мамыр, 2017 сағат 14:40

Зейнетақы қорындағы 71,3 миллиард желге ұшты

Қазақстан халқының біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорыннан кезекті рет дау шықты. Бұл жолы экономист Рақым Ошақбаев зейнетақы қорындағы желге ұшқан 200 миллион доллардың жай-жапсарын жайып салды.

Қазақстанның біріңғай зейнетақы жинақтаушы қоры Әзірбайжанның мемлекеттік банкінің 125 құнды қағазын сатып алған. Бұл - шамамен 71,3 миллиард теңгені немесе 200 миллион АҚШ долларын құрайтын сома.

Ал жақында ғана Қазақстанның БЗЖҚ инвесторлық еткен  Әзірбайжан банкі банкротқа ұшырағаны 
белгілі болды. Сөйтті де 71 милиард желге ұшты.

Өткенде Қазақстанның Халық банкі 2014 жылы дәл осы банктегі барлық салымды кері қайтарып алғанын басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова ханым айтты.

Шаяхметова басқаратын банк Әзірбайжан банкінен өз салымдарын кері қайтарып алған да, БЗЖҚ дәл осы банкке салым салған екен. Оқиға 2014 жылы болған.

Әзірбайжанның мемлекеттік банкі 2016 жылы банкротқа ұшыраудың аз-ақ алдында болған. БЗЖҚ сол кезде неге акцияларын кері қайтарып алмаған? Белгісіз. Қордағылар да бұл жайында жақ ашпады.

БЗЖҚ-дағы қаржы - жұмысқа жарамды Қазақстан халқының жылдар бойы тірнектеп жиған ақшасы. Ал оны оңды-солды жұмсауға кім рұқсат берді? БЗЖҚ- қаржысын инвесторлық бағытта қолдануды кімдер бақылайды? Кімдер жүзеге асырады?

Біз бұл сұрақтарға жауапты  БЗЖҚ жанынан құрылған қоғамдық кеңестің экс-төрағасы Досым Сәтпаевтан сұрадық.

Рақым Ошақбаев жария еткен бұл ақпарат БЗЖҚ-ның бір ғана былығы. Бұдан басқа қанша 
қаржы сұраусыз кетті?..

(Суретте саясаттанушы Досым Сәтпаев)

Досым Сәтпаев, саясаттанушы:

-Әуелі  қордың жұмысында көлеңкелі тұстар көп екенін айтқым келеді. Ашықтық жоқ. Рақым Ошақбаев жария еткен бұл ақпарат БЗЖҚ-ның бір ғана былығы. Бұдан басқа қанша қаржы сұраусыз кетті?.. Мысалы, өткен жылы ғана Қазақстанның өз ішінде екінші деңгейлі банктерге инвестиция ретінде берілген қаржылар өзін-өзі ақтамақ түгілі, «Kazinvest» секілді банктер банкротқа ұшырады. Немесе, қоғамдық кеңес құрылаған кезде Қазақстан темір жолына инвестиция ретінде берілмек болған 50 миллиард теңгені біз шулап жүріп, жұртқа жария еттік.

Біріншіден, БЗЖҚ-ның қаржысы инвесторлық мақсатта қолданылады. Тек соның нақты қандай нысандарға, қашан, қанша сомада жүргізілгені  жария етілмеді.

Енді сұрақ. Зейнетақы қорының ақшасына (сол кезде) банкрот болудың аз-ақ алдында тұрған 
Әзірбайжан мемлекеттік банкінің акцияларын сатып алу туралы  шешімді кім шығарды? 
Кім ұсынды? Құзырлы органдар тағы үнсіз.

Содан кейін, зейнетақы қорының қаржысын «Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес» бақылайды. Оның құрамына – ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, ҚР Қаржы министрлігі кіреді. Ал кеңес жұмысын Президент әкімшілігі жүргізеді.  Енді сұрақ: зейнетақы қорының ақшасына (сол кезде) банкрот болудың аз-ақ алдында тұрған Әзірбайжан мемлекеттік банкінің акцияларын сатып алу туралы шешімді кім шығарды? Кім ұсынды? Құзырлы органдар тағы үнсіз.  Президентке кім кеңес берді? Экономика министрі ме, әлде қаржы министрі ме? Бұл жерде Ұлттық банк басшысы ешқандай да шешім шығармайды. Ақышевтың да, Келімбаетовтің де, тіпті Марченконың да ондай  құзыреті болған емес.

Үшіншіден, проблема билік элитасында. Дағдарыс кезінде зейнетақы қорының қаржысын түрлі инвесторлық мақсаттарға пайдалануға болады. Тек, тәуекелді жан-жақты ескеру керек қой. Неге Халық банк барлық акциясын кері қайтарып алды? Халықтың бұл қорға ай сайын 10 пайыздан салып отыратын ақшасы – қосымша әмианы болуы керек-тін. Өкінішке орай бүгін қор халықтың қосымша салығы секілді. Еегер Ошақбаев 200 миллионның желге ұшқанын айтпаса, БЗЖҚ басқармасы мүлде үнсіз отырмақ па?  Дәл осы қарқынмен жүре беретін болсақ, енді 20-25 жылда зейнетақы қоры таусылуы да әбден мүмкін.

Бізге, халыққа түсінікті болуы үшін зейнетақы қоры жұмысын ашық жүргізбейінше, қаржыны қайда, не мақсатқа жұмсап жатқанына қатысты нақты есеп берілмейінше – қор қаржысын жұмсауға мараторий жариялау керек.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

14 пікір