Жұма, 26 Сәуір 2024
46 - сөз 4949 4 пікір 15 Мамыр, 2017 сағат 13:46

Жаңа пішіндегі совхоз-колхозды құру керек пе?

Қазір ғана Берік Уәли жүргізетін "1-студия" ток-шоуы болып өтті. Талқыға түскен мәселе кіші шаруашылықтардың басын қосып ірілендіру. Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Мәжіліс депутаты, Мұхтар Тайжан және ауыл шаруашылығын отыз жасынан басқарған шаруашылық басшысы Сәбит Сұлтан қатысты.

Осылардың ішіндегі ойын нақты жеткізген Сәбит болды.

Кезінде совхоз-колхоздарды таратқанда өз ойымды білдіргенмін. Сол кезде үлкен қателік жібердік. Бұл қателік қана емес, ауыл шаруашылығына жасаған жауыздық болатын. Мен әлі сол пікірімдемін.

Қолжетімді сапалы ет, сүт, бидай, көкөністерді керек ететін болсақ, қорықпай қайтадан жаңа пішінде совхоз-колхозды құру керек. Сонда елімізді ауылшаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп қана қоймай, жылда көктемде ауылдарды басатын су тасқынынан да құтыламыз. Қазір ауыл әкімінің, тіпті аудан әкімінің қолында (қарамағында) бір К-700 тракторы бар ма? Жоқ. Осыдан өткен сорақылық бола ма? Техникасыз, технологиясыз ауыл шаруашылығы қалай өркендейді?

Жұмабек Табын

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір