Жексенбі, 5 Мамыр 2024
4001 0 пікір 15 Мамыр, 2017 сағат 11:01

Балтабай дереу қызметтен қуылсын!

Мамырдың 10-шы жұлдызында қалалық әкім Шәкір Кейкін, орынбасарлары, Нұр-Отан басшысы, «Жылой су» қызметкерлері, Ыбыраев Балтабай, т.с.с адамдардан коммисия құрылып, Құлсары қаласы КНС-теріне тексеру жұмыстары жүргізілді. ГКНС-тен бастаған комиссия мүшелері бірден келеңсіздіктерге тап болды.

Нұр-Отан басшысы төменге түсемін деп баспалдақтан бір саты басып төменге құлдилағаны сол еді, қолына жұққан ласты көріп лезде сол жерден кері қайтты. Баспалдақ пен жақтаушаларының ласын бейнелеп баяндап беру тіптен мүмкін емес еді. Бұл жердің ластығы мүлдем стандартқа сай емес. Шахта түбіне шөккен лас судың тұнған қалдығынан шахта жер астындағы скиптердің мұражайы құсап тұр. Бұл жерге жапонның ауа тексеретін құралын пайдалансаң, аппарат лезде жанып кететін болар. Лас судан түзілген теңізді көрсеткенде тез өнертапқыш Балтабай сөз тауып: «Бұл қар мен жаңбырдың сулары» деп бөсті. Өркеші бар түйені сиыр деп жеңістік бермеген ақымақтың ісі. Жұмысшылардың отыратын жерлері, киім киісі, жұмыс кестесі заңдылыққа сәйкес келмеді. Бір КНС-ке 3 адам бекітілу керек болса, Балтекеңде 1 адам 3 КНС-ты қамтып отыр. Джекки Чан секілді шапшаң қызметкерлердің бір аяғы анда, бір аяғы мында.

Жүзін шыбын шыламаған, бетіне ешкімді қаратпайтын, басынан бір сөз асырмайтын, Жылойдың ерке әртісі Балтабай әуп дегеннен қала басшысымен қырылып қалды. Ондағы мақсаты өзінікін жөн деу. Вокзал маңындағы КНС-тің айналасының ласы бір түйеге жүк болатындай. Қақпалары жұлынған, қоршаулар сырланбаған, еш жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, жар әктелмеген, салтақ-салтақ. 2-3 ші КНС-тер де сондай. ПНГС-тегі КНС пен Қазтелеком жақтағысы құлыптаулы болып шықты. 6-шы ауылдағы КНС-те резервте тұратын моторы жоқ, кім алып кеткенін жан білмейді. Кенет мотор істен шықса Балтабайдың Джет Лиден шапшаң 24 вольт қызметкерлері қауға шелекті мотордан бетер шыр айналдыратынына 100 пайыз сенімді. Автобекет жақтағы КНС-ке комиссия мүшелері көлікпен жеткенше 6-шы ауылдағы КНС-тегі вездеход шапшаң қызметкер әскерилерше ширақ қимылдап бұл КНС-тің де есігін ашты. Керек маманның бәрін қызметтен қуып, ендігі қол астындағы қызметкерлерін моторша айналдыруда. Айта берсе өте көп, Балтабай дереу жұмыстан қуылсын, және жазаланып заң алдында қатаң жауап берсін! 168,16 болып бекіген су бағамын не үшін 172, 36 қылып өсіріп жіберді, соған жауап беріп халықтан кешірім сұрасын! Төккен лас сулары үшін айыппұл төлесін! Бұл айтылғандар орнына келмей Жылой халқы өз ұстанымынан қайтпай ереуілге шығады!

Тұрар Шапқара

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1435
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1275
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1035
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1089