Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 7354 10 пікір 27 Сәуір, 2017 сағат 09:36

Әзімбай Ғали. Жаңаөзен оқиғасын қаралау ұсынылды

Құдай мені бірнеше рет жаңсақ қадамнан сақтап қалды.

Теледидар тарапынан Жаңаөзен оқиғасын қаралау ұсынылды. Бір рет қана емес, екі рет жалынып өтінді. Кейін алаңға шыққан наразы топ аштық акциясын жариялағанда да тағы сол өтініш түсті.

Екі мәрте жоқ дедім.

"Он мыңдық теңге купюрасына Нұрекеңнін бейнесін қою керектігі туралы теледидардан ойыңызды айтсаңыз" деген де өтініш түсті. "Жоқ" дедім, тағы да.

2016 жылғы көктемде "жерге қатысты митингілерге шықпаңдар" деп теледидар арқылы айт деп тағы өтінді. Бұл жолы да жоқ дедім.

Мұның сыртында латиницаға қарсы екенімді білесіздер.

Енді құлағым тыныш . Бас теледидарлар мазаламайды. Қырсық шал атансам да қартайғанда абыройымды сақтап қалдым-ау деп ойлаймын.

Abai.kz

10 пікір