Сенбі, 27 Сәуір 2024
5746 32 пікір 27 Сәуір, 2017 сағат 09:18

АҚШ құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

АҚШ-та құрлықаралық баллистикалық зымыранынның сынағы сәтті өтті. Зымыран Калифорнияның Ванденберг базасынан ұшырылды. Әскери қолбасшылықтың мәлімдеуінше, осылайша АҚШ өзінің ядролық мүмкіндіктерін көрсеткісі келеді.

Зымыран сынағы Солтүстік Кореямен арадағы жағдайдың ушыққан тұсында өткізіліп отыр. Пхеньян сәуірде жаңа ядролық сынаққа дайындық басталғанын жариялады. Оған жауап ретінде АҚШ әскерін Корея түбегінің жағалауына жеткізді. Дегенмен Вашингтон бұл сынақтардың Солтүстік Кореядағы жағдайға қатысы жоқ екендігін мәлімдеп отыр.

Жыл соңына дейін АҚШ Оңтүстік Кореяда зымыраннан қорғаныс жүйесін орнатады. Солтүстік Корея келесі ядролық сынағын 25 сәуірде өткізуі мүмкін.

Абай-ақпарат

32 пікір