Сенбі, 24 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110250. Жазылғандар — 105566. Қайтыс болғандар — 1796
2283 0 пікір 25 Сәуір, 2017 сағат 10:15

Вашингтон Ресейден Донбаста қаза тапқан АҚШ азаматының ісін тергеуін сұрады

АҚШ Ресейді жікшілдерге ықпал ету арқылы, ЕҚЫҰ миссиясындағы АҚШ азаматының Донабастағы өлімін әділ тергеуге жағдай жасауын сұрады.

АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілі қызметін атқарушы Марк Тонер Украина шығысында жікшілдердің бақылауындағы аймақта қаза тапқан америкалық азаматтың отбасына көңіл айтты.

Марқұм Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Арнайы миссиясы құрамында медициналық жұмысшы болып істеген.

Тонердің айтуынша, Украинадағы бұл оқиғаны Минск келісімі негізінде тез арада жан-жақты тергеу қажет.

Алдын ала мәлімет бойынша, өткен аптада Украинаның шығысындағы жанжал аймағында ЕҚЫҰ миссиясының автокөлігі минаға ұрынып, соның салдарынан АҚШ азаматы қаза тапты.

Абай-ақпарат

0 пікір