Сенбі, 27 Сәуір 2024
Ел іші... 4744 3 пікір 24 Сәуір, 2017 сағат 21:24

Метродағы жолаушыларды эвакуациялап жатыр

Алматыда метрополитен жолаушыларын эвакуациялап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қозғалыс тоқтатылып, жолаушылардың метродан шығарылып жатқаны белгілі болды.  "Райымбек - Фурмановтағы метрода 5-7 минут бұрын эвакуация басталды, барлық адамдарды метродан шықты.

Метроға кіреберісте полицейлер жолақ тағып қойған. Оқиға орнында полиция, жедел жәрдем және метро қызметкерлері жүр", - деп хабарлады куәгерлер.

"Жолаушыларды түсіріп тастады. Екі құрамда тоқтап тұр. Байқоңыр станциясында адамдарды эвакуациялап жатыр", - дейді біреулер. Алматы метрополитенінің баспасөз қызметіндегілер метро ғимаратында жарылғыш заттың орнатылғаны туралы аноним қоңырау түскенін мәлімдеді.

"Аноним қоңырау шамамен сағат 19:00-де ішкі істер бөліміне түскен және онда метрода жарылғыш заттың орнатылғаны хабарланған. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр, барлық станциядан адамдар эвакуацияланды", - деді "Метрополитен" баспасөз қызметінің өкілі Ажар Хабиева.

"Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр. Тұрғындарды алаңдамауға және сабырлық сақтауға шақырамыз. Толығырақ ақпарат кейінірек жағдайға байланысты таратылатын болады", - деді Алматы ІІД өкілі.

Абай-ақпарат

3 пікір