Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 4769 4 пікір 18 Сәуір, 2017 сағат 10:08

Қазақстан неге жаман?

Қазақстан неге жаман? Өйткені біз, адамдар, жақсылықты көре білмейміз! Қалай дейсіз бе, былай: кез келген БАҚ соғыс болып жатқан мемлекетті көрсеткеннен жалықпайды, бірақ бейбітшілігі ұзақ уақыт бұзылмаған елдерді айына-жылына бір айтады. Себебі адамдар психологиялық тұрғыдан жақсылықты емес, жамандықты көргенді, естігенді ұнатады. Неге?

Арақсыз тойға бармайды көбісі, көңілсіз дейді. Сонда ішімдік ішіп, ақыл-есті жоғалтқан көңілді екен кей жан үшін. Неге? Мысалы бір адамға жүз мәрте жақсылық жасап, бір мәрте көмек қолын соза алмай қалдыңыз дейік. Ол адам көптеген жақсылығыңызды емес, бір рет көмектесе алмай қалғаныңызды бетіңізге басады. Бейне бір алып ақ қағаз бетінен кішкентай қара нүктені бірінші көретін іспеттес. Тура екі дүркін алтын алып, бірақ кейін қоғам есіне де алмайтын Илья Ильиндей күй кешесің сондай сәтте.

Біз, адамдар, сананы тұрмыс билеген сәтте тіпті жақсылықтың өзінен жамандық іздейтін болдық. Қиын-қыстау заманның өзінде бабаларымыз ертеңгі күнге үмітпен қарай білген ғой. Ал қазір ше? Екінің бірі ой тіл бітті, жер кетті, Қытай бәрібір жаулап алады, Ресей таптап тастайды.Жоққа шығармаймын, иа қауіп бар, бірақ қашан қауіпсіз заман болды.

Мемлекеттердің бір біріне қауіп төндіруі заңдылық. Ханның басын хан алар шауып тұрып, қардың басын қар алар жауып тұрып. Ендеше төнген қауіпті табиғи заңдылық деп қабылдап, бос отырып жылай бергенше, шығу жолын іздеу керек. Қазақстан супер емес, кемшілігі жетерлік, бірақ мен оны шексіз сүйемін. Өйткені ол менің анам іспеттес. Сіз анаңыздың кемшілігі болса да шексіз сүйесіз ғой, дәл сол сияқты. Сондықтан елін сүйер бала жамандығын жат көзінше жасырар, жақсылығын асырар. Бүгін автобуста қазақ қариясының орыс шалға Қазақстанды жердегі ең тозақ мемлекет етіп айтып отырған әңгімесінен кейін туған ой осы. Жақсылықты көре білейікші, аз болса да, сонда ғана жан дүниеміз кіршіксіз болады. Тек негатив айтсақ, өзіміз де негативке айналамыз. Не нәрседе баланс болуы шарт.

Асхат Хасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1251
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1148
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 884
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1019