Жексенбі, 5 Мамыр 2024
4278 0 пікір 18 Сәуір, 2017 сағат 10:01

Өзбек-тәжік шекарасында қарулы қақтығыс болды

Тәжік-өзбек шекарасында қарулы қақтығыс болды. Нәтижесінде өзбек шекарашысы тәжік азаматына қарсы оқ атқан.

Өзбекстанның мемлекеттік шекараны қорғау жөніндегі ұлттық қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, 15 сәуірде Сұрхандария облысы Құрықсай елді мекенінде өзбек шекарашылары Тәжікстаннан Өзбекстанға қарай айдалып бара жатқаны ірі қара малды көреді. Өзбек шекарашылары бір үйір малды кері қайтарады.

Осы уақытта Тәжікстаннан Өзбекстанға бет алып бара жатқан белгісіз үш адамды аңғарады. Олар 50 метрдей жерге жақындағанға дейін, "малды шығарыңдар" деген шағымға мән бермеген.

«Олар шекарашылардың малды Тәжікстан аумағына кері қайтарыңдар деген сөзге құлақ аспады. Қолдарындағы пышақпен бізге шабуыл жасады. Нәтижесінде Тәжікстан азаматы Аслиддин Шоимов атылған оқтан жарақат алып, сол жерде қаза тапқан. Екі заң бұзушылар іздерін жасырып үлгерді», – деп мәлімдейді өзбек арнайы қызметі.

Өз кезегінде Тәжікстанның шекара әскері бас басқармасы өзбек шекарашысының айтқандарын жоққа шығарды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1377
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1207
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 954
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1048