Жексенбі, 5 Мамыр 2024
4227 1 пікір 17 Сәуір, 2017 сағат 09:54

Қырғыз үкіметінің тағдырын парламент шешеді

Қырғыз премьер-министрінің кететінін, не қалатынын парламент депутаттары шешеді, - деп хабарлады Жогорку Кенеш спикері Чыныбай Турсунбеков.

Турсунбековтің айтуынша, осы аптада парламент үкіметтің өткен жылғы жұмысының есебін қарайды.

"Есеп талқыланған соң, шешім шығарылады. Барлығы үкіметтің есебіне байланысты болады. Есеп депутаттарға ұнаса, онда үкімет келесі мерзімге қалуы мүмкін, ұнамаса - басқаша шешім шығарады", - деді Чыныбай Турсунбеков.

Сооронбай Жээнбеков үкімет басшысы қызметіне 2016 жылдың сәуірінде сайланды. Оны бұл қызметке парламенттегі басым коалиция ұсынған еді.

Абай-ақпарат

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1396
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1226
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 983
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1060