Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4289 5 пікір 12 Сәуір, 2017 сағат 15:36

Мұхтар Құл-Мұхаммед Президенттің жаңа мақаласын оқып шығуға шақырды

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары елордадағы Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде болды. Мұхтар Құл-Мұхаммед жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерінің алдында сөз сөйледі. Кездесуде  «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі санында жарық көрген Мемлекет басшысының мақаласы әңгіме арқауына айналды.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары үстіміздегі жылы Мемлекет басшысы  Қазақстанның ауқымы жағынан өте үлкен экономикалық жаңғыруына серпін бергенін еске салды, ол өз кезегінде біздің елімізді технологиялық дамудың сапалы жаңа биігіне алып шығуы тиіс.

«Ірі экономикалық қайта құрулармен қатар Президент Конституциялық реформалауының маңызы жағынан бірегей мемлекеттік саяси жаңғырудың үдерісін іске қосты.  Енді міне бүгін Елбасымыз біздің қоғамның іргелі негізіне әсер ететін ұлтымыздың рухани жаңғыруының басталғанын жария етті», -деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1558
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1436
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1186
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1179