Сенбі, 4 Мамыр 2024
3794 7 пікір 6 Сәуір, 2017 сағат 21:37

Путин мен Мирзияев 12 миллиард доллардың келісімдеріне қол қойды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің мәлімдеуінше, Мәскеу мен Ташкент екі күндік ресми сапар аясында 12 миллиард доллардың келісімдерін бекітті.

"Біз құны 12 миллиард доллар тұратын ірі инвестицялық жобаларды жүзеге асыру келісімдеріне және 3,8 миллиард доллардың сауда келісімдеріне қол қойдық", - деді Мирзияев 5 сәуірде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде.

Путиннің айтуынша, тараптар өнеркәсіп әріптестігін кеңейтуге және автомобиль секторындағы, азаматтық авиация мен фармацевтика салаларындағы жобаларға көмектесуге келісті.

"Ресей Өзбекстаннан бес миллиард текше метрден астам астам табиға газ сатып алады", - деді Путин. Ол ресейлік "Газпром" мен "ЛУКойлдың" Өзбекстанда көмірсутек өндіру жөніндегі ауқымды жобаларын айтып өтті.

Еске салайық, 4 сәуірде Мирзияев президент ретінде алғаш рет Ресейге ресми сапармен барды.

Абай-ақпарат

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1218
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1112
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 847
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 993