Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3161 0 пікір 10 Қазан, 2010 сағат 11:55

Жәнiбек ҚОЖЫҚ. Төбеден тажал төнгенде

Өткен жазда Маңғыстау облысының Қарақия ауданы Төлеп елдi­мекенiнен 35 шақырым жерге Ресейдiң құрлықаралық баллистикалық РС-20 зымыранының бөлшегi тағы да құлады. Ресей-Қазақстан үкiметаралық комиссиясы зымыран бөлшегi түскен жердi тексерiп, «ешқандай зияны жоқ» деп акт жасап, хаттама толтырды. Ал жергiлiктi Төлеп, Сенек ауылдарының тұрғындары болса: «Құлаған зымыран бөлшегi қоршаған орта мен адам ағзаларына зиянын тигiздi» деп дабыл қақты. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, зымыран бөлшегi түскеннен кейiн малдары екi басты қозы, терiсi жоқ бота туып, ел шошынған. Зымыран бөлшегi түскен кезде сол аймаққа жақын жерде жеке шаруасымен жүр­ген, Төлеп елдiмекенiнiң тұрғыны, 20 жастағы Болат Сәбитұлы деген азамат ми қан тамырлары жарылып, кенеттен қайтыс болды. Ал Сенек ауылының полиция инспекторы Жанболат Сағындықов - сол орынға арнайы комиссиямен бiрге барып, зымыран қалдықтарын залалсыздандыруға қатыс­қан азамат. Үйiне келгеннен кейiн бiрнеше күннен соң Жанболаттың ми қан тамырлары жарылып, облыстық ауруханаға ауыр халде жеткiзiлдi, қазiр де ауруханада жатыр. Жергiлiктi тұрғындар зымыран бөлшегi түскеннен кейiн өздерiн ауыр сезiнетiнiн, бастары айналып, қан қысымы көтерiлiп, ауырғандарын айтады. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты Сенек ауылының жастары ауыл әкiмдiгiне барып, үкiмет орындарының жауап бе­руiн сұрады.

Өткен жазда Маңғыстау облысының Қарақия ауданы Төлеп елдi­мекенiнен 35 шақырым жерге Ресейдiң құрлықаралық баллистикалық РС-20 зымыранының бөлшегi тағы да құлады. Ресей-Қазақстан үкiметаралық комиссиясы зымыран бөлшегi түскен жердi тексерiп, «ешқандай зияны жоқ» деп акт жасап, хаттама толтырды. Ал жергiлiктi Төлеп, Сенек ауылдарының тұрғындары болса: «Құлаған зымыран бөлшегi қоршаған орта мен адам ағзаларына зиянын тигiздi» деп дабыл қақты. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша, зымыран бөлшегi түскеннен кейiн малдары екi басты қозы, терiсi жоқ бота туып, ел шошынған. Зымыран бөлшегi түскен кезде сол аймаққа жақын жерде жеке шаруасымен жүр­ген, Төлеп елдiмекенiнiң тұрғыны, 20 жастағы Болат Сәбитұлы деген азамат ми қан тамырлары жарылып, кенеттен қайтыс болды. Ал Сенек ауылының полиция инспекторы Жанболат Сағындықов - сол орынға арнайы комиссиямен бiрге барып, зымыран қалдықтарын залалсыздандыруға қатыс­қан азамат. Үйiне келгеннен кейiн бiрнеше күннен соң Жанболаттың ми қан тамырлары жарылып, облыстық ауруханаға ауыр халде жеткiзiлдi, қазiр де ауруханада жатыр. Жергiлiктi тұрғындар зымыран бөлшегi түскеннен кейiн өздерiн ауыр сезiнетiнiн, бастары айналып, қан қысымы көтерiлiп, ауырғандарын айтады. Осы қалыптасқан жағдайға байланысты Сенек ауылының жастары ауыл әкiмдiгiне барып, үкiмет орындарының жауап бе­руiн сұрады. Ашынған ауыл жастарын ауыл ақсақалдары сабырға шақырып, мәселенi байыппен шешкендi жөн деп санады. Ауданнан, облыстан арнайы басшылар келiп зымыран бөлшегiнiң халыққа ешқандай зияны жоқ екенiн айтумен болды. Гептил отынымен ұшатын зымыранның зияны жоқ дегенге көзi қарақты әрбiр азаматтың сенбеуi, әрине, орынды. Оқырмандарға түсiнiктi болу үшiн бұл зымыран ұшырудың тарихын басынан бастап қысқаша баяндасақ...

Ресей үкiметi 2008 жылдың көкте­мiнде өздерiнiң қорғаныс саласын күшейту мақсатында РС-20 зымыранының бөлшектерiн құлату үшiн Қазақстан территориясынан жер беруiн сұрады. Солтүстiк көршiмiздiң көңiлiн қалдырудан сескенетiн Қазақстан үкiметi бұл ұсынысқа келiсе кеттi. ҚР премьер-министрi К.Мәсiмов Маң­ғыстау облысының әкiмдiгiне жер бөлу жөнiнде тапсырма бердi. Зымыран құлайтын жер Қарақия ауданы Сенек шаруашылығына қарасты болғандықтан, аудандық мәслихат бiрауыздан өз келiсiмдерiн берiп, Сенек ауылдық әкiмдiгiнiң ұйымдастыруымен қоғамдық тыңдау өттi, жергiлiктi халық «өз келiсiмiн берiп», хаттама толтырылды.

Сөйтiп, 2018 жылға дейiн жылына екi рет үстiмiзден зымыран ұшырып, бөлшектерiн түсiрiп тұруға келiсiлдi. Тiптi, зымыран бөлшегi түсетiн жерге әскери бақылау бекеттерiн де сала бастады.

Сол уақытта Маңғыстауға төнер қатердiң алдын алу мақсатында «АЗАТ» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы өз қарсылықтарын бiлдiрген едi. Партияның облыстық филиалы Ресей мен Қазақстан үкiметiне бағыттап, бұл келiсiмге ресми түрде қарсы екендiгiн бiлдiрiп, әртүрлi БАҚ беттерiнде мәлiмдемелер жариялады. Маң­ғыстауды ерiккендердiң сынақ алаңына айналдырмауын үзiлдi-кесiлдi талап еттi. Бiрақ өкiнiшке қарай, бiздiң бұл мәлiмдемемiзге сол кезде қоғамдық ұйымдар да, ел азаматтары да қолдау бiлдiрген жоқ. Халықтың осындай енжарлығын, немқұрайдылығын пайдаланған билiк өз дегенiн жасады. Ендi билiкке «ләббай, тақсыр» жергiлiктi БАҚ-тар: «Бұл зымыранның құлауы бейбiт мақсатта, бәрi халықтың игiлiгi үшiн жасалып жатыр» деп түсiндiрiп жатса, «Бейтараппыз, тәуелсiзбiз» деп жүрген көптеген БАҚ-тар үн-түнсiз отыр.

Ендi қолда бар мәлiметтерге сүйене отырып, құрлықаралық баллистикалық РС-20 зымыраны туралы оқырмандарға түсiнiк бере кетейiк.

Бұл зымыран Ресейдiң Орынбор облысы Домборов­ский шептiк ауданынан арнайы шахтадан атылады. Ұзындығы - 32 м, диаметрi - 3,2 м, бөлшек саны - 2, салмағы - 22 000 кг, жанаржағар майы - сұйытылған гептил. Зымыран компьютермен жабдықталған, тастайтын салмағы - 7 600 кг, ұшу қашықтығы - 11 000 км, оқтұмсық саны - 10, оқтұмсықтың күшi - 500-550 кт    (1945 жылғы Жапония жерiне түскен бомбадан 10 есе қуатты), қателесу (ауытқу) дәлдiгi - 190 м.

Бұл қару 1973 жылдан бастап пайдаланылып келедi, бiрнеше рет жаңартылудан өттi. Ресейдiң қарсыластары бұл қаруға «шайтан» деген ат берген. Қазақстанға зияннан басқа пайдасы жоқ.

Ендiгi бiр назар аударарлық мәселе - бұл зымыран сұйытылған гептил отынымен ұшады. Гептил - Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатын «Протон» зымырандарында пайдаланылған отын. Қазақ даласына бiрнеше рет осы «Протонның» құлағаны белгiлi. Соңғы жылдары Ресей «Протон» зымыранын ұшыруды азайтып келедi, себебi оның отыны - гептилдiң қоршаған ортаға аса зиянды екенi әбден дәлелденген. Америкалық әскери мамандар гептилдi «химиялық қару» деп есептейдi. Оның әуеде толық жанып кетуi мүмкiн емес. Гептилдiң бiр бөлшегi ауаға тарап, су мен топыраққа қонады және оның зардабы ондаған жылдарға дейiн созылады. Гептил отынының адам ағзасына өте зиянды екенiн ғалымдар әлдеқашан дәлелдедi. Оның әсерiне ұшыраған адамның кенеттен қан қысымы көтерiледi және қан тамырлары жарылады, тыныс жүйесiне де өте күштi әсер етедi, яғни өкпе қабынады, соңы өлiмге әкелiп соғады. Адамдар шаршағыш келедi, жұмысқа қабiлетi азаяды, сәл нәрсеге ашуланады, есте сақтау қабiлетi күрт төмендеп, ұмытшақтық пайда болады. Жүктi әйелдердiң iштегi баласы мүгедек болып туады.

Осындай соғыс мақсатында пайдаланатын, жаппай қырып-жоятын қару бөлшегi өз жерiмiзге құлап жат­қанда, «зиянсыз екен» деп отыра берсек, кiм болғанымыз? Сондықтан осы тажалдың қоршаған орта мен халыққа тигiзiп жатқан әсерiн тәуелсiз халықаралық мамандар зерттеуi керек. Зымыран бөлшегi түскен елдi­мекендердiң тұрғындарын, малдарын жаппай тексеруден өткiзiп, жүйелi түрде ай сайын қадағалап отыру қажет. «Үстерiнен Ресей зымыранын ұшырып, бөлшектерiн түсiргенi үшiн Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылының шаруашылығына 18 млн теңге бөлiнiптi» деп естiдiк. Егерде бұл әңгiме рас болса, ол қаражат талан-таражға түсiп, жоқ болып кетпей, қарапайым тұрғындардың денсаулығын тексеруге, емделуге жұмсалуы қажет.

 

Жәнiбек ҚОЖЫҚ,

«АЗАТ» ЖСДП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы.

«Жас Алаш» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1655