Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2730 0 пікір 10 Қазан, 2010 сағат 11:41

Жанар Низами. Атырау қыздары арабтардың етегінен ұстап жатыр

Қазақ қыздарының өзге ел жігіттерінің етегінен ұстап, үй болмаққа талпына бастағандары сонау 1990 жылдардың басында-ақ байқала бастаған еді. Бұл үрдіс қазір де «маңыздылығын» жоғалта қоймағанға ұқсайды. Себебі қолда бар мәліметтерге көз салсақ, мұндай неке санының артып келе жатқандығын көреміз. Қаракөз қыздарымыздың басым көпшілігі болашақ жары қай елден болса, сонда кеткенді жөн санайтын көрінеді.

Мамандардың пікірінше, мұның бір­не­ше себебі бар екен. Біріншіден, қазір бой­же­тіп, тұрмыс құруға дайын қыздардың са­ны жiгiттерге қарағанда бiрнеше есе көп. Екiншiден, Қазақстанға келіп, нәпақасын тауып жүрген шетелдiк жұмысшылардың саны да уақыт өткен сайын көбейіп келеді. Және шетелге барып, оқыған қазақ қызда­рының сол елде қалып, тұрмысқа шығып жатқандары да жиi кездеседi. Әлемдік ста­тис­тикаға көз салсақ, өзге ел азаматымен көтерген шаңырақтың бақыты аз дегенде екі-үш жыл, сирек жағдайларда ғана ұзағы­рақ уақытқа созылатын көрінеді.

Роза ҚАМЗАҒАЛИЕВА, Атырау қалалық Әділет басқармасының бастығы:

- Өзіңіз де көріп жүрсіз, Атыраудан түрлі ұлтты табуға болады. Бәрі де - жұ­мыс істеп, ақша табу үшін осында кел­ген­дер. Біздің қыздарымыз да оларды қалталы, мәрт жігіттер санайтын секілді. 2009 жылы 118 (2009 жылдың I жар­ты­жылдығында - 49) қызымыз шетелге келін болып аттанса, биылғы жылдың I жартыжылдығында 46 қызды жіберіппіз. Жыл соңына дейін бұл көр­сет­кіш өткен жылдан артық болмаса, кем түспес деп отырмыз. Меніңше, қыздары­мыз, бірін­шіден, ақшаға қызығады, екіншіден, шетелдегі әйел мен еркектің тең құқы­лығына қызығатын болса керек. Және жас айырмашылықтары да айтар­лық­тай: кейде тіпті 20-30 жасқа дейін барады. Біздің қыздарымыз үшін көбіне бірінші неке болып жатса, шетелдік жі­гіт­тер үшін үшінші-төртінші неке санала­ды. Қыздардың көпшілігі - шетелдік компанияда жұмыс істейтіндер. Бір мысал, жақында әлі 30-ға тола қоймаған қызымызды алпыстан асып кеткен араб шалға «ұзаттық». Ал мына Таяу Шығыс елдерінен, Тәжікстан, Өзбекстаннан кел­ген жігіттер қыздарымызға азаматтық алу үшін үйленеді деп айтуға болады. Оның үстіне заңда да «басқа ұлтқа тұр­мысқа шықпа, үйленбе» деп шектеу қо­йыл­маған.

Аралас некеге тілек білдірушілердің жыл өткен сайын артып бара жатқандығын ме­шіт­тегі дін өкілдері де жоққа шығар­май­ды.

Мұрат ҒАЗИЗОВ, «Иманғали» мешітінің наиб-имамы:

- Бұл жағдай алаңдатарлықтай болғанымен, ислам дінінде нәсіліне, ұлтына, түріне қарап бөлмейді емес пе? Дінімізде өзге ұлттың жігітіне тұр­мысқа шығып, өзге елдің қызына үй­ленуге болмайды деп шектеу қойыл­маған. Тек пұтқа табынушылар болмаса. Куә болып жүрміз ғой, шетел­діктермен некесін қидыру үшін мешітке баратын қарын­дастарымыз көп. Мешіт­ке келіп арабпен, түрікпен, үндістермен, афро- а­ме­ри­­ка­лық­тармен некесін қидырып кетіп жа­тыр. Бұрын байқал­май­тын, ал қазір күн­нен-күнге көбейіп келе жа­тыр.

Кімге күйеуге шығамын, кімнен әйел ала­мын десе, бұл - әркімнің өз еркі. Дегенмен аралас некенің аз халықты жұтып жіберудің ең оңай жолы екендігін естен шығармаған дұрыс.

Дерек пен дәйек

Қазір жыл сайын шамамен 100 мыңға жуық неке қиылады. Соның ішінде 20 пайызы - аралас неке. Қоғамдық ұйымдардың зерттеуіне назар аударсақ, 18-20 жас аралығындағы қазақстандық қыздардың үштен бірі (оның 50 пайызы - қазақ қыздары) шетелдіктерге тұрмысқа шығуға әуес. Жалпы, Қазақстанда ерлерге қарағанда әйелдердің саны көп. Нақтырақ айтқанда, 1000 әйелге 928 ер адамнан келеді екен. Олардың ішінде 30 жас пен 64 жастағылар арасында ерлерге қарағанда әйелдердің саны басым түскенін көрсетеді. Яғни бұл жас тобындағы 1000 әйелге 888 азаматтан келеді екен.

Жанар НИЗАМИ, Атырау

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2142
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2547
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2331
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1653