Сенбі, 18 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2863 0 пікір 10 Қазан, 2010 сағат 11:29

Қазақ радиосының 90 жылдығының аясында өтетін «Тәуелсіз елдің жастары жырлайды» атты жас ақындардың жыр мүшәйрасының ЕРЕЖЕСІ

Мүшәйраның мақсаты:

қазақ жастары арасында отансүйгіштікті кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіруге, Тәуелсіздікті терең сезінуге және Қазақстанның мерейін арттыруға әсер ету.

Мүшәйраның міндеті:

жас дарындарды анықтау, олардың шығармаларын тарихи Отаны  Қазақстан аумағында насихаттау.

Мүшәйраның шарты:

мүшәйраға 18-30 жасқа дейінгі жас ақындар қатыса алады. Автордың шығармасы ешбір жерде жарияланбаған болуы керек.

Бір ақынға үш өлеңмен қатысуға болады.

Бірінші өлеңі  Қазақ радиосының 90 жылдығына арналуы керек (міндетті);

Екінші өлеңі  «Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» тақырыбында;

Үшінші өлең  әзіл-қалжыңды өлең болуы қажет.

Мүшәйраға қатысушыларға қойылатын талаптар:

1. Өзі жайлы нақты ақпарат (жіберілетін өлең мәтінінің астына автордың толық аты-жөні, өмірбаяны, байланыс телефондары, тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі шарт).

2. Кәсіби деңгейде түскен 10х15 фотосурет.

Әділқазылар алқасының шешімімен жеңімпаздарға үш дәреже бойынша жүлде тағайындалады:

Бірінші жүлде - 1

Екінші жүлде - 1

Үшінші жүлде - 1

Ынталандыру сыйлығы  3

Мүшәйра жеңімпаздары лауреаттық дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар үздік шығармалар Қазақ радиосының 90 жылдығына арналған «Тәуелсіз елдің жастары жырлайды» атты жас ақындардың кітабына енеді.

Ақындар өлеңдерін «Мүшәйраға» деген атпен 2010 жылдың 31 желтоқсанына дейін мына мекенжайға жібере алады:

Алматы қаласы, Достық даңғылы 114-үй, 154-бөлме.

Байланыс тел.: 8 (727) 264 25 94.

Өлеңдерді электрондық поштаға жіберуге болады: kazradio_zangar@mail.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654