Жексенбі, 19 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3032 0 пікір 9 Қазан, 2010 сағат 16:36

Талдықорғанда композитор Тілендиевтің ескерткіші ашылды

Талдықорған. 9 қазан. ҚазТАГ – Сенбі күні Талдықорғанда қаланың құрылғанына 141 жыл толуын мерекелеу шеңберінде белгілі композитор,КСРО және ҚССР халық әртісі Нұрғиса Тілендиевтің ескерткіші ашылды, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атақты музыканттың мүсіні оның туғанына 85 жыл толуы қарсаңында оның есімі берілген облыстық музыка мектебінің ғимаратының алдына орнатылды. Мүсіннің авторы - ҚР сәулетшілері одағының мүшесі Қазбек Жарылғапов, мүсіншісі Мейірлан Әжмағамбетов. Ескерткіштің биіктігі тастұғырымен бірге 5 метрді құрайды, композицияның жалпы аумағы 276 м2.

Т15 млн қаржы облыстық бюджеттен бөлінді.

Нұрғиса Тілендиев Алматы облысы Іле ауданы Шілікемер ауылында дүниеге келген. Жамбыл мавзолейінің қасына жерленген. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1981 жылы «Отырар сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрін құрып, оны өмірінің соңғы күніне дейін басқарған.

Н. Тілендиев  «Алтын таулар»операсының  (1961. Қ.Қожамияровпен бірге), “Достық жолымен” балетінің (1958. Л.Степановпен бірге), оркестрге арналған “Ата толғауы”, “Ақсақ құлан”, “Аққу”, “Арман”, “Махамбет”, “Көш керуен”, “Қайрат”, “Жеңіс салтанаты” атты увертюралардың, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. Тілендиев 100  спектакльге, көркем, деректі және мультипликациялық фильмге музыка жазған.

1998 жылы президенттің жарлығымен Н. Тілендиевке «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Ескерткіштің ашылуына арналған мтингке Тілендиевтің жары - Дариға Тілендиева мен қазір «Отырар сазы» Қазақ мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестрінің көркемдік жетекшісі болып табылатын оның қызы Динара қатысты.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2349
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1656