Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2568 0 пікір 8 Қазан, 2010 сағат 05:34

Қамауға алынған Саят Ыбыраевқа ғалымдар араша түсіп жатыр

«Сенім.Білім.Өмір» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі делінетін Саят Ыбыраевтың қамауға алынғаны мәлім болды. Күні кеше туыстары және бір топ ғалым Саят Ыбыраевқа араша сұрап, оның не үшін ұсталғанын біле алмай отырғандарын айтып басапсөз мәслихатын өткізген. Ақпараттарға қарағанда, Саят Ыбыраевты осы қазан айының бірі күні түнде ауруханада жатқан жерінен ұстап әкеткен. Ал, төрті күні Алмалы ауданынық соты қылмыстық істің қозғалуына байланысты Саят Ыбыраевты қамауға алу жөнінде шешім шығарған. Сотқа барған туыстарын кіргізбей, олар күшпен кірген.

Баспсөз мәлихатында Саят Ыбыраевтың әкесі Мұрат Ыбыраев сотқа күшпен кіргенде баласының үстінен бір нашақор арыз жазғанын естігенін айтты. Сонымен, қазір іс жүріп жатыр. Бұл жерде де біздің елдің соты мен полициясы ескі әдетіне басып, тымырайып отыр.

Сөз болып отырған «Сенім.Білім.Өмір» бірлестігі Исматулла Мақсұмды «рухани ұстаз» санап, елдегі сопылық ағымның қайнар көзі болуда деген сөз жұрт ішінде желдей гулегегелі қашан... Өткенде Исматулла Мақсұмға қатысты сот болған. Тіпті, сол сотқа барған бірнеше журналисті полиция ұстап алып, қайта босатқан. Сөйтіп, ол сотта сыбыссыз кетті.

Тағы бір айта кететіні, баяғы да Қазақстан телеарнасында басшылық ауысып, жүздеген журналист сол кездегі Мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевпен тіресетін кезде де Қазақстан телеарнасы сопылардың ұясына айналыпты, соны білген үкімет дер кезінде қимылдапты деп келетін ақпарат елдің есінде әлі. Сол жылдары Қазақстан телеарнасынан осы Саят Ыбыраевты «Жұмадағы жүздесу» атты  діни хабардың жүргізушісі ретінде көрермен қауым біліп қалған болатын.

Айтпақшы, ғалымдар  техинка ғылымы саласы бойынша жаңалықтар ашқан профессор Саят Ыбыраевқа араша түсіп, оны үйқамаққа немесе ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босату туралы арнайы орындарға хат жазыпты.

Мұрат Ыбыраев айтып отырған «нашақордың»  профессорда не ақысы кеткенін бір Құдайдың өзі біледі. Мүмкін гәп мүлдем басқада шығар...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1963
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2298
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1884
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1553