Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3147 0 пікір 7 Қазан, 2010 сағат 05:26

Бірқатар құрылыс компаниялары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізін қайта салу кестесіне үлгере алмай жатыр - ККМ

Астана. 6 қазан. ҚазТАГ - Бірқатар құрылыс компаниялары «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізін қайта салу кестесін орындамай отыр. ҚР көлік және коммуникация министрлігінің мамандары осындай қорытынды жасады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі сәрсенбі күні автокөлік жолдары комитетіндегі кеңестен кейін.

Автокөлік жолдары комитетінің Жамбылдық департаментінің директоры Ұлан Әліпов жобаны басқару бойынша консультант-компания «Сай консалтингтің» жұмысына қанағаттанғысыз деген баға берілгенін, «КСС/Жамбылжолқұрылыс» БЕ жұмыс кестесін толық орындай алмай отырғанын хабарлады.

Автокөлік жолдары комитетінің Қызылорда облыстық департаменті де «Аккорд/Окан» (Әзірбайжан/Түркия) және «Импреза» (Италия) компанияларының қанағаттанғысыз жұмысы мен жұмыс кестесін орындай алмай отырғаны туралы баяндады.

Жұмысқа тартылған басқа кәсіпорындар кестеге сәйкес жұмыс істеп жатыр, делінген хабарламада.

Дүниежүзілік банктің Орталық Азия мен Қазақстандағы жоба директоры Жак Буренің «2010 жылғы 1 қазанға дейін «Оңтүстік-Батыс» жолы жобасының іске асырылуы бойынша атқарылған жұмыстар» есебіне сәйкес, мердігерлік ұйымдардың жұмысына қанағаттанарлық деген баға берілді. Сонымен қатар, жол зертханаларының жеткіліксіздігі мен  толық жабдықталмағаны жөнінде ескертулер бар екенін атап өтілді.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізіҚХР-мен шекарадан басталып, Қытай аумағы арқылы өтіп, Қытай мен басқа да Азия мемлекеттеріне Еуропаға оңтайлы жол ашады. Дәліз 8445 шақырымға созылады,оның 2787 шақырымы Қазақстан аумағымен өтеді. Жобаның жалпы құны -  Т804 млрд, сыртқы займнан тартылатын қаржы көлемі Т422,5 млрд құрайды.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1494
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1349
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1095
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1137