Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2874 0 пікір 5 Қазан, 2010 сағат 08:33

Қазақстан Каспий маңы мемлекеттеріне теңіз операциялары кезіндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша келісуді ұсынды (толықтыру)

Астана. 5 қазан. ҚазТАГ– АйгүлТүлекбаева. Қазақстан Каспий бойынша көршілеріне теңіз өндірісінің қауіпсіздік мәселелері бойынша үкіметаралық хаттамаға қол қоюды ұсынады, деп мәлім етті ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Қазақстан каспийлік көршілерімен теңіз өндірісінің қауіпсіздігі бойынша үкіметаралық келісімге қол қоюды жоспарлап отыр», - деді ол «KazЕnergy» V Еуразиялық энергетикалық форумында.

Оның айтуынша, «біз теңіздегі өндірістің қуатын арттыруды көздеп отырғандықтан», Мексика шығанағында болған апаттың салдары мұқият саралануға тиіс».

«Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Қазақстан ең жоғары стандарттар бойынша жұмыс істейтін болады... Бұл үшін үкімет теңіздегі бұрғылаудың қауіптерін төмендету бағытында шаралар кешенін әзірлеп жатыр», - деді премьер.

Премьер-министрдің айтуынша, Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын орнықты даму қағидаларына сәйкес игеруге міндеттенеді.

«Біздің ұзақ мерзімді экономикалық жоспарларымыз орнықты өндіріс пен тұтынуға байланысты, сондықтан Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің қуаттарын жаңартуға және қайта жөндеуге көп инвестиция бағыттайды», - деді үкімет басшысы.

Сондай-ақ, ол Қазақстан «мұнай өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз ету үшін сенімді және қауіпсіз жеткізушінің» позициясын ұстанатынын мәлімдеді.

«Бұл тұрғыда ЕҚЫҰ төрағасы ретінде Қазақстан көмірсутек жеткізілімдерінің бұзылуын алдын алу үшін аймақтық қауіпсіздікті қолдайды», - деді К. Мәсімов.

Премьер-министр Қазақстан көмірсутектің экспорттық жеткізілімдерін әртараптандыру саясатын жүргізетінін, Киот хаттамасы бойынша барлық міндеттемелерді орындауға міндеттенетінін атап көрсетті.

0 пікір