Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4052 0 пікір 4 Ақпан, 2015 сағат 12:29

ТАЙВАНДА ҰШАҚ ҚҰЛАДЫ

Тайванның астанасы – Тайбэй қаласының әуежайынан көтерілген TransAsia Airways компаниясының ұшағы құлап, 9 адам көз жұмды, 27 адам қатты жарақат алды деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.  Ұшақ бортында  53 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған.

Астана әуежайынан қанат қаққан ұшақ көпірге соғылып, содан кейін Цзилун өзеніне барып құлаған. Ақпарат көздерінің мәліметтеріне қарағанда, бұл былтыр ғана пайдалануға берілген жаңа ұшақ көрінеді.

Абай-ақпарат

0 пікір