Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Қоғам 6626 0 пікір 16 Ақпан, 2015 сағат 15:31

«САЙЛАУ НАУҚАНЫ КЕЗІНДЕ КАЙФ БОЛЫП ЖҮРЕМІН»

фото uralskweek.kz

Бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында «Табиғат» қозғалысының жетекшісі, екі мәрте президенттікке үміткер Мэлс Елеусізов алдағы болатын президент сайлауына үшінші рет қатысатыны туралы мәлім етті.

«Мен алдағы сайлауға тағы да қатысамын. Екі рет қатыстым, үшінші рет неге қатыспасқа? Кім маған қой дей алады? Бұл менің конституциялық құқым. Денсаулығым жетеді», - деп мәлімдеді Мэлс мырза.

«Сайлауға неге, не үшін қатысасыз?» деген сұраққа Мэлс мырза: «Сайлау науқаны кезінде кайф болып жүремін. Аузыма келгенді айта аламын. Науқан кезінде мені ешкім тұтқындай алмайды, отырғызбайды. Мен толықтай қорғалғанмын», - деп ағынан жарылды.

Осыған дейін М.Елеусізов мырза екі рет президент сайлауына қатысқан болатын. 2005 жылы бұл кісі сайлаушылардың 0,38 пайызының дауысына ие болсы, 2011 жылғы сайлауда 1,15 пайыз дауыс жинады.

Не дейік? Денсаулық берсін, М.Елеусізовке. Әрбір науқанда бір пайыздан дауыс жинай берсе, шамамен 250 жылдан кейін президент болуына толық мүмкіндік бар...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1275
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1166
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 905
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1032