Сенбі, 4 Мамыр 2024
Мәселенің мәні 7908 0 пікір 20 Ақпан, 2015 сағат 14:10

ЕН -ТАҢБА: ТАҢДАУДЫҢ ЕКІ СЕБЕБІ

Қазақ хандығының негізделгеніне 550 жыл толуын мерекелеуге арналған логотиптің бекітілген түрі өзінің мазмұнына сай деген тұжырым жасауға болады.

Біріншіден, күн шапағымен көмкерілген Шаңырақ қазақ халқының, қазіргі Қазақстан территориясында сонау қола дәуірінен бастау алатын ата-бабаларының барша тұрмысы, сенімі, мәдениетінің жиынтығы екендігі белгілі. Шындығында да халқымызды киіз үйдің шаңырағынсыз елестету мүмкін емес. Шаңырақ отбасы, елдің бір орталыққа бірігіп, бір ауыз сөзге жиылуының белгісі ретінде халқымыздың санасына сіңген. Осы арқылы шаңырақ қазіргі күні Мықты бірлестіктің, халық пен ұлттың жиналып, Ел болуының бейнесіне айналды.

Шаңырақты қоршай бейнеленген күн шапағы елдің тыныштығын, тұрмысының молшылығын, бір мақсат пен еңбекті негіз еткен мамыржай да бақытты өмірін паш етеді. Сонымен қатар ол Қазақ елі үнемі қолдап, ұмтылып келген барша болмыстың кепілі – әлемдік бейбітшіліктің бейнесі болып табылады..

Тау мен шыңнан асып, күн астында қалықтап ұшқан Қыран бүркіт  - Қазақ Елінің болашаққа құлаш ұрған асқаралы жоспарларының іске асатындығының таңбасы. Яғни, логотиптегі осы бейнелер ұлтымыздың ұзақ мерзімдік дамып, өркендеу тарихының барша кезеңдерінің көрінісі болып келеді.

Екіншіден, “Мәңгілік Ел” болуға ниет еткен қазақ халқының бірнеше мың жылдық мемлекеттілігінің үлкен буыны Қазақ Хандығының 550 жылдығын насихаттап, қазіргі ұрпақтың бойында ұлтының өткеніне мақтаныш сезімін тудыру және “Жаңа қазақстандық патриотизмді” қалыптастыруда оған арналған кез келген шығын өзін ақтайды деп есептейміз.

Ғани ҚАРАСАЕВ,

тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты “Деректану, тарихнама және Отан тарихы” бөлімінің басшысы.

Абай.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1219
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1112
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 847
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 993