Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2776 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 07:35

Қаржы полициясы соттың Досқалиевті 10 тәулікке қамауға алуға санкция беру фактісін қуаттады

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі (қаржы полициясы ) Астананың №2 Сарыарқа аудандық соты ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті 10 тәулікке қамауға алуға санкция беру фактісін қуаттады.

«2 қазанда біз Досқалиевке қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініш енгіздік, оны прокуратура органдары толығымен қолдады. Осы күні Сарыарқа сотының судьясы Былқилова қаржы полициясы ұсынған Досқалиевтің денсаулығы туралы шынайы мәлімет беретін бейнематериалдарды зерттеп, Досқалиевтің қызмет бабын пайдаланып, денсаулығы тергеу және басқа да амалдарды қозғауға мүмкіндік бермейтін ауыр жағдайда екенін көрсетіп, материалдардың сотта объективті қаралуына және істі объективті тергеуге кедергі келтірмек болған деген қорытынды шығарды. Сот бұл жағдайларды жеткілікті санап, күдікті Досқалиевке қатысты 10 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді»,- деді М. Жұманбай дүйсенбі күні брифингте.

Оның айтуынша, аталған шара Ж.Досқалиевтің ауруханада жатқаны себепті сот отырысына келмеуіне байланысты қолданылды.

«10  тәулік өткен соң Досқалиевке айып тағылады, ол ҚПК 150 бабы бойынша сотқа беріледі. Досқалиев созылмалы гипертонияға шалдыққандықтан, қаржы полициясының органдары сол емханада оған білікті медициналық көмек көрсету шараларын қолға алды», - деп нақтылады ведомствоның өкілі.

Қаржы полициясының тергеу департаментінің бастығы Нұрлан Ауғанбаев мәлімдегендей, қазіргі уақытта қаржы полициясы денсаулық сақтау минитсрі Жақсылық Досқалиевтің палатасын күзетке алды.

Н. Ауғанбаев бұл шараның «(…) тергеу мүддесі үшін ғана емес, Досқалиевтің өз мүддесі үшін де» қолға алынғанын түсіндірді.

Департамент бастығының айтуынша, Жақсылық Досқалиевтің қан қысымы жоғары. Алайда «қылмыстық істі тоқтатуға ешқандай негіз жоқ», деді қаржы полициясының өкілі.

Бұрын хабарланғандай, жексенбі күні КТК телеарнасы Астананың №2 Сарыарқа аудандық соты Ж. Досқалиевті қамауға алуға санкция бергенін хабарлады.

Еске сала кетейік, 21 қырқүйекте Ж. Досқалиевке қатысты қызмет бабын асыра пайдалану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 22 қырқүйекте қаржы полициясында одан жауап алынды. 25 қырқүйекте ол күдікті ретінде Астана ІІД уақытша оқшаулағышына қамалды, сол жерде оның қан қысымы көтеріліп, 26 қырқүйекте инслуьт алған ол республикалық клиникалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. 27 қырқүйекте Астананың аудандық соты күдіктінің денсаулық жағдайына байланысты қаржы полициясының оны қамауға алу туралы өтінішін қанағаттандырмай тастады.

Қаржы полициясы Ж.Досқалиевті 2005-2006 жылдары қазақ медициналық академиясының ректоры болғанда жол берген бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.

Қаржы полициясының мәліметіне сәйкес, Ж. Досқалиев жеке мүдделерін көздеп, академияның жер телімдерінде тұрғын үй кешендерін салу туралы келісімшартқа отырған. Құрылысты аяқтаған компания Ж. Досқалиевтің бас сенімхаты бойынша пәтерлерді академияға қатысы жоқ адамдарға нарықтық бағамен сатқан. Ж. Досқалиевтің өзі екі пәтер мен коттеджге ие болған. Аталған жер телімдері академияның оқытушыларына арналған.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 412
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 222
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 247
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 233