Жұма, 26 Сәуір 2024
Мәйекті 6304 0 пікір 26 Ақпан, 2015 сағат 11:27

ЕЛ ТЕГІ, ҚАЙДАН АЛСЫН КЕМЕҢГЕРДІ...

Жетісу жерінде сонау Кеңес одағынынан бері сақталып келе жатқан елді мекендер мен маңызды нысандардың атауын бүгінгі заманға сай өзгертуге оң қадамдар жасалып жатыр. Бұл шара қазіргі өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен туған жерден түлеген танымал тұлғаларды тануға баулуға таптырмайтын тәрбие бастауы. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес Алматы облысындағы бірқатар білім және спорт ұйымдарының атауының өзгеруінен еліміздің басқа да аймақтары, әсірсе солтүстіктегі елді мекендер атауына қатысты алғанда, үлгі алады деп сенеміз.

Ілияс ақынның сөзінде шындық бар: 

Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді!

Abai. kz

 

Алматы облысының кейбір білім беру және спорт  ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Мынадай білім беру және спорт ұйымдарына:
1) Қарасай ауданы «Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне - Жазкен Жиембаевтың;
2) Ақсу ауданы әкімдігінің «Өнер мектебі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына - Исатай Исабаевтың;
3) «Ақсу ауданы Әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына - Молықбай Байсақұлының;
4) Ақсу ауданы Жансүгіров ауылындағы орталық стадионға - Есмұрат Сиқымовтың;
5) Көксу ауданы «Балпық би кентіндегі қазақ орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесіне - Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің;
6) Іле ауданы «№ 22 орта мектеп» мемлекеттік мекемесіне - Тұрғанбек Қатаевтың есімдері берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдары:
1) Ақсу ауданының білім бөлімі «Құрақсу орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Құдаш Мұқашев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Ақсу ауданының білім бөлімі «Қызылорақ орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Бижарас Садырбайұлы атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Жамбыл ауданы «Қарғалы №1 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі - «Социалистік Еңбек Ері Құдыс Әбсәметов атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
4) Көксу ауданы «Қазақстанның 10-жылдығы атындағы орта мектебі» мемлекеттік мекемесі - «Рахметолла Толқымбекұлы атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
5) Қаратал ауданы «Фрунзе атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі - «Бикен Римова атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп-гимназия» мемлекеттік мекемесі;
6) Қаратал ауданы «Дзержинский атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектебі» мемлекеттік мекемесі - «Рақымжан Қошқарбаев атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектеп» мемлекеттік мекемесі;
7) Қаратал ауданы «Тельман атындағы орта мектеп» мемлекеттік мекемесі «Көкдала орта мектебі» мемлекеттік мекемесі;
8) Еңбекшіқазақ ауданы «Түрген қазақ орта мектебі-мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі - «Абыхан Жексембеков атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.

2015 жылғы 11 ақпан,  Астана, Үкімет үйі, №54

0 пікір