Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Көк тудың желбірегені 11405 0 пікір 3 Наурыз, 2015 сағат 10:28

КӨК ТУДЫ ҚҰРМЕТТЕГЕНІ ҮШІН АЙЫПТЫ БОЛҒАНЫ МА?

Астана қаласының тұрғыны Жандос Құрманбаевты Қазақстанның көк туын көке көтеріп, баспанасының балконына іліп қойғаны үшін айып салыпты.

Бұл естіген құлаққа ұят емес пе! Тәуелсіз мемлекеттің, өз Отанының Туын қастерлегеніне бола сол азаматты жазалау деп қабылдадым. Америкалықтар, қытайлар мен түріктер, т.б. жер жүзіндегі мемлекеттердің халқы Туларын әспеттеп көліктеріне қадап, үйлерінің терезелерінен, балкондарынан шығарып желбіретіп қояды, балаларының қолына ұстатып көшеде жүреді ұлттық мерекелерінде. Ол – азаматтардың еліне деген шексіз сүйіспеншілігінің белгісі. Отанды сүюдің ең жоғарғы үлгісі.

Біздің мына айып салуымыз өте масқара болды. Құрманбаев Туды аяқасты еткен жоқ қой. Отанға деген махаббат пен масқараны айыра алмағанымыз ба?

Қайтсек жастардың патриоттық сезімін асқақтатамыз, қайтсек келер ұрпаққа Отанды сүюдің үлгісін қалдырып кетеміз деп жүргенде мұнымыз не? Рәміздерге ерекше құрметпен қарауды дұрыс ұғынбағанымыз ба? Жоқ Заңды дұрыс түсіне алмағанымыз ба?

Осы айыпты салғандарды анықтап, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін деген жолдарды (Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзу туралы Кодексінің 458 бап, 1 тармағы) дұрыс түсінуге біліктілігі жетпегені, құқықтық сауатсыздығы үшін өздері жазалануға тиісті. Заң бұзарлар алда осындай әрекеттерді басқаша жағынан да жасауы мүмкін. Салынып отырған 200 айлық есептік көрсеткіш айып соларға салынуы керек деп ойлаймын.

Сәуле ДОСЖАНОВА,

журналист-заңгер.

Abai. kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1274
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1164
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 903
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1032