Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2621 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 07:15

Есергеповты мекен-колонияға ауыстырудан бас тартылды – БАҚ

Алматы. 4 қазан. ҚазТАГ –«Алма-Ата Инфо»оппозициялық басылымының бас редакторы, жалпы тәртіптегі колонияда (УЖД 158/2, Тараз) жазасын өтеп жүрген  Рамазан Есергеповты мекен-колонияға ауыстырудан бас тартылды, деп жазады «Республика» интернет-порталы журналистің жұбайы Раушан Есергеповаға сілтеме жасап.

«Бұл - 1 жыл 8 ай ішінде колония әкімшілігінің бесінші теріс жауабы. 2010 жылдың 12 қаңтарында мекеменің комиссиясы Есергеповты «жеткілікті деңгейде зерттелмеген» деп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты. 26 қаңтарда мекен-колонияға ауыстырудан, 13 шілдеде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартылды», - деді Р. Есергепова.

Оның айтуынша, 4 тамызда Рамазан Есергепов колония басшылығының талап етуімен жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жазамен алмастыру туралы өтініш жазған, бірақ бұдан бас бас тартылды.

«Енді міне, 2010 жылдың 24 қырқүйегінде мекеменің әкімшілік комиссиясы Рамазанның мекен-колонияға ауыстыру туралы өтінішін күтпей-ақ, отырыс өткізіп, теріс шешім шығарды», - деді сотталған журналистің әйелі.

Бұрын хабарланғандай, 2009 жылы 8 тамызда Тараз қаласының №2 сотының үкімімен «Алма-Ата Инфо» газетінің бас редакторы Р. Есергепов жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өтеумен үш жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ, оған екі жыл мерзімге баспагерлік және журналистік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «мемлекеттік құпия бар мәліметтерді заңсыз жинау және тарату» және «қызмет бабын терін мақсатта пайдалану» баптары бойынша айып тағылды. Бұған «Алма-Ата Инфо» газетінде 2008 жылдың 21 қарашасында «Кто управляет нашей страной: президент или КНБ?» деген мақаланың жарық көруі себеп болды, онда Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД бастығының қызметтік хаты жарияланған. Арнаулы қызмет өкілдерінің бағалауынша, бұл хат құпия құжаттарға жатады. Құқық қорғаушылар бұл айыптаудың астарында саяси масқат-мүдде жатыр деп есептейді. Р. Есергеповтың ісі бойынша сот тыңдаулары Таразда жабық режимде өтті.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1624
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1537
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1280
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1244