Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Мәйекті 4951 0 пікір 3 Наурыз, 2015 сағат 13:54

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТТІҢ «КӨШІ-ҚОН» ҚОРЫН ҚҰРУ КЕРЕК!

«Forbes журналы ғаламшардың шіріген байларының жаңа тізімін жария етті. Биылғы жылдың наурыз айындағы жағдай бойынша ақшаның бетіне қарамайтын адамдардың қарасы көбеймесе, азаймаған. Демек, ғаламдық дағдарыс жекелеген жандарға анау айтқандай әсер етіп жатпаған екен...

Осы тізімнің жуан ішінде бір топ қазақстандық қалталылардың болғандығына мақтанып отырмыз...» - деп жазды бүгін Abai.kz порталы ( Қараңыз: «Олар Forbes тізімінде», http://abai.kz/post/view?id=3048).


Осыған орай ақылға қонатын бір қисынды ортаға сала кеткім келеді. Неге біздің қоғамға осы ауқатты адамдардың дәулетін шетелдегі қандастарымызды атамекенге көшіріп алуға жаратуды ұсынбасқа?

Есептеп көрелік: (Б.Өтемұратов – 2,6 млрд. АҚШ доллары + А.Ибрагимов - 2,2 млрд. АҚШ доллар + Тимур мен Динара Құлыбаевтар - 2,1 млрд. АҚШ доллары + В.Ким – 1,8 млрд. АҚШ доллары)  х 0.1 % = ???

Қанша ақша болар екен?!

Осы ақшамен Тұңғыш Президенттің "Көші-қон" қорын құрыңызшы, ұлтық сана-сезім қалай жанданады екен?!

Сосын бір отбасына, ең аз болғанда, 10 000 АҚШ долларынан деп, он мыңға бөліңіз. Қанша шаңырақты көшіріп алуға жетер екен?!

Мұндай Қор еврей мен немісте ежелден бар. Мысалы, еврейлердің "Көші-қон" қорының тұңғыш түйіндемесін кім жасағанын білесіздер ме? "Өзіміздің" кәдімгі Карл Маркс! 1856 жылы "Сион тауға қайту" деген ұранмен! Олардың мына кісілер секілді байлары, орта таптары алыстағы АҚШ-та отырып, сол Ұлттық Қорларына ақша құйып отырады.
Ол ақша әлемде тарыдай шашырап жүрген қандастарын отанына жиып алуға жұмсалады. Сенесіз бе, осы Қор құрылған тұста Израильде небары 10029 адам ғана бар екен. Израиль мемлекеті құрылған күні (1848 жыл, 14 мамыр) олардың саны осы ұлттық Қордың жебеуімен бір-ақ күнде 600 000 адамға бірден толыққан...

Демек, бізге де солай істеу керек!!!

Ауыт МҰҚИБЕК.

Abai. kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1457
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1306
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1061
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1110