Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Қоғам 5217 0 пікір 3 Наурыз, 2015 сағат 17:03

ЖАНДОСТЫҢ ЖЕҢІСІ - МЕМЛЕКЕТШІЛДІК ӨРІСІ

Астана қаласында тұратын Жандос Құрманбаев дейтін азамат балконына ту ілгені үшін кінәлі саналып, айыппұл төлеуге мәжбүр болған еді.

Оқиға Жандостың әйгілі боксшы, жерлесіміз – Геннадий Головкиннің кезекті жеңісіне қатты қуанғандықтан өзі тұратын көп қабатты үйдің балконына еліміздің көк байрағын іліп қойғаннан кейін басталған еді. Оның бұл әрекетін заңға томпақ деп тапқан құқық қорғау органының қызметкерлері «Мемлекеттік рәміздерді заңсыз пайдаланғаны үшін» 394400 теңге айыппұл салған-ды. Қазақ қоғамында қызу пікірталасқа ұласып, әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде қаты сынға ұшыраған жағдай жағымды жаңалықпен аяқталған сыңайлы.

Белгілі блогер, журналист Өркен Кенжебек facebook желісіндегі парақшасына былай деп жазды: «Балконнан ту ілген Жандос Құрманбаев жауапкершілікке тартылмайтын болды, айыппұл төлемейді. Әлемжелінің күшін қарасай…»


Іске назар аударған жоғарғы инстанциялардың халық пікірімен санасқандығын жақсылыққа жори отырып, бұл Жандостың ғана жеңісі емес, тұтас Мемлекет патриотизмінің жеңісі деп сүйсінеміз! Ұзағынан болсын!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1434
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1273
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1032
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1088