Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
Құсни хат 8732 0 пікір 8 Наурыз, 2015 сағат 12:23

8-НАУРЫЗ КҮНГІ ТІЛЕК

Жырға әсем тұнған бақтар,
Сырласқан қызғалдақтар,
Алыста жанған жалын,
Табысқан армандарым, 
Сегізінші наурызбенен!

Аялар боталарын,
Саялар апаларым,
Көңілі – көл дегенің,
Мейірлі жеңгелерім, 
Сегізінші наурызбенен!

Сырғалы өрімдерім,
Ибалы келіндерім,
Басымнан арылмас бағым,
Ғашық жан – 
қарындастарым, 
Сегізінші наурызбенен!

Ақтаған орамалын,
Баптаған бала жанын,
Сағынсаң паналарың,
Асыл жан аналарым, 
Сегізінші наурызбенен!

Нұрлы түнгі аспаным,
Құрбы-құрдастарым,
Ханым мен ханшаларым,
Қалың ел – баршаларың, 
Сегізінші наурызбенен!

Төреғали ТӘШЕНОВ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар