Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6600 0 пікір 9 Наурыз, 2015 сағат 14:13

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: 14 + ...

ҚР Президенттігіне кандидаттар саны 14 адамға жетті. Бұл туралы бүгін  Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен мәлім етті.

«2-9 наурыз аралығында Орталық сайлау комиссиясына азаматтардан 14 өтініш келіп түсті. Олардың біреуі партия атынан, 13 адам өзін-өзі ұсынды. Тұрғын Сыздықов Қазақстан халықтық коммунистік партиясы атынан ұсынылған болатын», - деді Л.Сүлеймен.

Қазір Орталық сайлау комиссиясы қазіргі уақытта осы азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына және "Сайлау" туралы заңына сәйкестігін тексеріп жатыр. Тиісті сұраныстар Бас прокуратураға және Ішкі істер министрлігіне жіберілді.

«2 азаматқа, Сырғабаев Асқар  мен Алдажанов Сайфоллаға мемлекеттік тілді еркін меңгермеген деген шешім шығарылды. 6 наурыз күні Қойшиева Лимана мемлекеттік тілді еркін меңгергендігі туралы анықтама алып, азаматтардың арасында өзін қолдау қолын жинауға кірісіп кетті», - деді ОСК мүшесі.

Бүгінге дейін президенттікке үміткер атанғандардың тізімі:

Сырғабаев Асқар Жорабайұлы;

Алдажанов Сафиолла Қалабайұлы;

Қойшиева Лимана;

Әбдікәрімов Бақыт Төлегенұлы;

Мырзашов Сухраб Аминжанұлы;

Өктешбаев Есенбек Жапарұлы;

Жүнісбеков Якубжан;

Жұман Қайрат Тоқтарұлы;

Серғазин Ержан Мерекеұлы;

Маишев Қайрат Әлембайұлы;

Қайсаров Уәлихан Әбішұлы;

Естемесов Бақтияр Өксікбайұлы;

Тұрагелдиев Қанат Сыбашұлы.


Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар