Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4043 0 пікір 10 Наурыз, 2015 сағат 10:30

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ

«Алдағы 13 наурызда Астана қаласында Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуі өткізіледі» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Бұл маңызды кездесуде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әріптестері Александр Лукашенко және Владимир Путинмен үш елдің өзара саудасы мен экономикалық ықпалдастығын ұлғайту мәселелерін қарастырады.

Сонымен қатар президенттер әлемдік экономикадағы үрдістердің дамуын және Украинадағы ахуалды талқылайды. 

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар