Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4920 0 пікір 10 Наурыз, 2015 сағат 13:46

СЫЗДЫҚОВ СЫННАН СҮРІНБЕПТІ

ҚР Президенттігіне кандидат болып Коммунистік Халық партиясы атынан ұсынылған үміткер бүгін сынақ тапсырып, лингвистикалық комиссия сынағынан сүрінбей өтті. Коммунистердің кандидаты емтихан тапсыруға бірінші болып келген еді. Сынақ 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы, шығарма жазу тапсырмасы бойынша Тұрғын Сыздықов «Біздің күшіміз бірлікте» деген тақырып аясында өз ойын толық жазып, жақсы баға алған.

Коммунист Тұрғын Сыздықов – партия атынан емтихан тапсырып отырған алғашқы үміткер. Осы күнге дейін лингвистика комиссиясы алдына тек өзін-өзі ұсынған азаматтар келген болатын. Ал, ҚР Президентігінен үміткерлікке өтініш берген 14 үміткердің әзірге тек екеуі ғана лингвистикалық комиссия емтиханынан өтті. Алда оларды Орталық сайлау комиссиясы берген арнайы параққа қолдаушылардың қолын жинау науқаны күтіп тұр.

Абай-ақпарат.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2062
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2491
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2095
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1605