Сейсенбі, 30 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2789 0 пікір 3 Қазан, 2010 сағат 17:18

Нұра Матай. Батыста жүрсең бұлқынба...

30 қыркүйекте жазушы Алпамыс Бектұрғанов бостандыққа шықты. Былтыры осы кісі Батыс Қазақстан облысы әкіміне жала жапты деген айыппен бір жылға сотталған еді. Ол тұста Алпекең облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің кеңесшісі болатын. Содан не керек, бір айналдырғанда шыр айналдырады дегендей, бір жылға сотталды. Қызық болғанда, одан кейін Алпекеңе облыстық кітапханаларға кітабын сатуда құзіретін асыра пайдаланыпты деп тағы үш жыл қосып берген тұғын. Әйтеуір, аман-есен оралды.

Алпекең демекші, кейінгі кезде бұлқынғанды бұғаулаулап, нұрлы ойдың жетегіне көндіккісі келмейтін «асауларды ауыздықтауда» елдің батысындағы кейбір ұлықтар біртүрлі қорқынышты белсенділік танытып келеді. О несі екен?!

Батыс аймақтағы қоғамдық-саяси мәселелерде де белсенділік танытып жүрген Ақтөбедегі Айдос Садықовта екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Ал, елдің күнбатысындағы Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің кадр мәселесіндегі «өзіндік жолы» баспасөздегі қызықты дүниенің біріне айналғалы қай заман!

Маңғыстаудағы биліктің шикізат өндіру саласындағы қазақстандық және шетелдік инвесторлардың озбырлығына қарсы шығып жүрген ел азаматтарына көрсеткен қоқан-лоқысы да бір төбе.

Айтпақшы, Бектұрғанов бостандығынан айырылған сәтте-ақ, біздің руханиятымыздың қарашаңырағы Жазушылар одағы оны одақтың мүшелігінен шығарып, көзіміздің қарасындай жан дегендегі жалғыз партиямыз «Нұр Отанда» әкімге қарсы келген кеңесшіні партия қатарынан аластаған болатын. Барса келмеске кеткендей көріп еді. Енді қайтер екен...Әй, бірақ, бұл елде...

Абай-ақпарат

0 пікір