Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4905 0 пікір 25 Наурыз, 2015 сағат 16:53

КӨҢІЛ АЙТЫП, ЖЕДЕЛХАТ ЖОЛДАДЫ

 «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге Germanwings авиакомпаниясы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады» деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Жеделхатта Қазақстан Президенті ұшақ апатының салдарынан Германия азаматтарының қаза болғандығы туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдағаны айтылған. «Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Федералдық канцлерге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына көңіл айтты.

Абай-ақпарат.

0 пікір