Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Қоғам 8863 0 пікір 10 Сәуір, 2015 сағат 15:57

АЙДАЙДЫ ҚОЛДАЙМЫН, ЗАҢ БОЙЫНША ҚОРҒАЙМЫН!

2013 жылы «Қазақстан аруы» атанған Айдай Исаева (суретте) КТК арнасындағы бір бағдарламаға қатысып, орыс тілінде пікір білдіреді. Тегінде, студияда, камераның алдында, кім болса да абдырап қалады емес пе? Айдай қарындасымыз да сөйтсе керек. Айдайдың абыржып, орыс тілінде ойын толық жеткізе алмаған сұхбатын әлгі арнадан Арман Юсупов деген біреу алады да, instagram.com желісіне салып жіберді. Сол сол-ақ екен, Айдайдың жаңылысқанын айдай әлемге жеткізуге тырысқан топ оны аталған желіде әжуалап, келеке, мазақ ете жөнелді.   

Құдайдың құдіреті, мен мұндай әжуаны бірінші рет көріп отырмын. Ол бойжеткен орысша сөйлеуге міндетті де емес, екіншіден, камераның алдында адамның қалай қобалжып, ойының шашырап кететінін бәріміз де білеміз. Өкінішке қарай, сол баланы жақтап шыққан қазақтілді БАҚ пен әлеуметтік желі әзірге көзімізге түспей тұр. Әншейінде «қазақ» деп атой салып, «елім» деп еңіреп жүретін батырлардың бірі де жоқ. Оларға, сірә, не болған? Түсінбедім. 

Мен бұл жерде біреудің «басын жарып, көзін шығару» мәселесін айтып отырған жоқпын: принцип деген мәселе бар, бұл принцип мәселесі. Өз елінде, өз жерінде туып, өмір сүріп жатқан жанды өзгенің тілін білмедің деп әжуалау не деген сұмдық?!. Орысша мүлт кету, сөйлемеу, тіпті, сөйлей алмау – бұл күнде күлкі емес. Мысалы, біз қазақша сөйлеп жүрген, сөйлей бастаған өзге ұлт өкіліне күлмейміз ғой. Күлу, мазақ ету – күні біткендердің тірлігі. Бауырға басу, баурап алу – таңы атқан елдің естілігі. Жыртыңдайтындар жыртыңдай берсін. «Ит шаршаса, үреді, адам шаршаса, күледі» деген – осы.  

Арман Юсупов, әйтеуір, Айдайдан эфирге шықпаған сұхбатын әлеуметтік желіге салып жібергені үшін кешірім сұраған болып жатыр. Бірақ, менің ойымша, Айдай Исаеваның «ар-ұжданы мен іскерлік абыройына нұсқан келтіріп», Азаматтық Кодекстің 143-бабын бұзғаны үшін КТК арнасының басшылығы алдымен кешірім сұрауы керек.  

Мен Айдай Исаеваны қолдаймын, қазақтың бір азаматы, ағасы ретінде қарындасымның ар-ожданын қорғаймын!

Ерлан САИРОВ

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1980
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2366
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1940
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571